Қызылордада пробация есебіндегі азаматқа электронды білезік орнатылды
Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегі сотталған азаматқа пробациялық бақылауды күшейту және кайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында электронды бақылау құрылғысы (электронды білезік) тағылды. Адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін бұрын сотты болған азаматтың жазасының өтелмеген бөлігі жеңілдетіліп, пробациялық бақылауға ауыстырылған. Құрылғы су өткізбейді, берік материалдан жасалған және оның орналасқан жері GPRS жүйесі арқылы тәулік бойы бақыланып отырады.
Post #43421
15