Қызылордада "Қауіпсіз үй" шарасы аясында есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жері тексерілді
Республика көлемінде өтіп жатқан "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сырдария ауданында аудандық полиция мен прокуратура өкілдері, сондай-ақ ерікті жастар бірлесіп рейдерлік тексерістер ұйымдастырды. Шара барысында тұрғын үйлер мен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың мекенжайлары тексеріліп, тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
Post #43419
51