Талдықорғанда құқығы жоқ мас жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды
Талдықорған қаласында жүргізуші куәлігі жоқ 26 жастағы ер адам таңертең ерте алкогольдік масаң күйде Daewoo Matiz көлігін басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында құқық бұзушы тоқтатылып, медициналық айықтырғышқа жеткізілді. Сот шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Post #43420
52