TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43366 53
🇰🇿🇧🇪Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

✔️Alem.ai. халықаралық орталығында Қазақстан мен Бельгия жоғары оқу орындары жетекшілері бас қосқан іс-шара өтті.

✔️«Білім беру мен ғылыми зерттеулерге жасанды интеллектінің әсері» тақырыбын арқау еткен жиын интерактивті пікірталас форматында ұйымдастырылды.

✔️Пікірталасқа қатысушылар жасанды интеллект технологиялары жоғары білім мен заманауи ғылым саласына қандай өзгеріс әкелетінін егжей-тегжейлі талқылады.

✔️Атап айтқанда, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы аймақтық хаб, сондай-ақ білім беру, зерттеулер және инновациялар бағытындағы ынтымақтастыққа арналған стратегиялық алаң ретіндегі рөлі қарастырылды.

✔️Академиялық, сондай-ақ білім беру ортасында жасанды интеллект пен оқу машинасын пайдалануға, оқу және оқыту үдерістеріндегі жаңа технологияның ықпалына баса назар аударылды.

✔️Форум аясында Қазақстан мен Бельгия жоғары оқу орындары серіктестігін кеңейту, бірлескен білім беру әрі зерттеу бастамаларын іске қосу, академиялық ұтқырлықты дамыту және жоғары мектептегі цифрлық трансформация салаларында тәжірибе алмасу мәселелері пысықталды.

✍️ Іс-шара қорытындысы бойынша екі ел университеттері арасында бірқатар келісім мен меморандумға қол қойылды.

t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 14, 2026Жаңаарқада кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқан сатушы жауапқа тартылды Ұлытау облысыны…
  2. Oct 13, 2026Астанада Telegram арқылы есірткі сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды Көліктегі полици…
  3. Oct 13, 2026Қазығұртта тұрғындар шатырдан қарт әйелдің жинаған ақшасын тауып алды Түркістан облысының…
  4. Oct 13, 2026СҚО-да жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін дрондар қолданылуда Солтүстік Қазақстан облыс…
  5. Oct 13, 2026Атырау облысында жолда қалған Германия азаматтарына полицейлер көмек көрсетті Құрманғазы а…
  6. Oct 13, 2026Абай облысында жыл басынан бері жоғалған 500-ден астам бала табылды Абай облысының полиция…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →