TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43362 46
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өнімділікті арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, сондай-ақ су және жер ресурстарын тиімді пайдалануға баса мән беретінін айтты

✔️Бұдан бөлек, Президент медицина мен фармацевтика салаларындағы серіктестікті нығайтудың маңызына назар аударды.

– Біз IBA компаниясымен ынтымақтастықты құптаймыз. Бұл Қазақстандағы протонды терапияға қолжетімділікті арттырады. Сала мамандарын даярлауға және клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысты бірлескен бағдарлама онкологиялық ауруларды емдеудің озық тәсілдері бойынша құзыретімізді нығайтуға мүмкіндік береді. Бельгияның фармацевтикалық компанияларын елімізде өндіріс орындарын ашуға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


✔️Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан өз азаматтарымен бірге жұмыс істей алатын озық ойлы әрі іскер тұлғаларды тартуға мүдделі екенін айтты.

– Мұндай мамандар елімізге неғұрлым көп келсе, соғұрлым баршамызға пайдалы болар еді. Өйткені осы арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсарып, кәсіби байланыс жандана түседі. Халқымыз осындай аралас-құраластықты бағалайды. Қазақстан Президенті ретінде мен үшін елімізге келетін азаматтардың шыққан тегі емес, ең алдымен, қарым-қабілеті мен ақыл-ойы маңызды, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 16, 2026Жамбыл облысындағы Жуалы ауданында "Қауіпсіз үй" шарасы аясында түнгі рейдтер өтті Жамбыл…
  2. Oct 16, 2026Қызылордада қарама-қарсы бағытқа шыққан 19 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды Қызылорда қа…
  3. Oct 16, 2026Павлодар облысында белгіленбеген жерден өткен 8,7 мыңнан астам жаяу жүргінші жазаланды Пав…
  4. Oct 15, 2026Қызылордада гамбургердің ішіне насыбай жасырып өткізбек болған азамат ұсталды Қызылорда қа…
  5. Oct 15, 2026Павлодарда балалар алаңында ішімдік ішкен тұрғындар жауапқа тартылды Павлодар қаласының тұ…
  6. Oct 15, 2026Абай облысында шетелдік жүргізушілерге жол ережелері түсіндірілді Транзиттік өңір болып та…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →