TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43349 51
Қазақстанда азық-түлік өндірісі 13,8%-ға өсті

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 13,8%-ға өсіп, 3,2 трлн теңгені құрады. Өсім тамақ өнеркәсібінің бірқатар негізгі бағытын қамтыды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді. 

📍Өсімдік майы өндірісінде ең жоғары өсім тіркелді. Оның көлемі 25,2%-ға артып, 828 мың тоннаға жетті. Ұн өндірісі 13,9%-ға өсіп, 2,8 млн тоннаны, балмұздақ өндірісі 51,7%-ға артып, 81,8 мың тоннаны, ірімшік пен сүзбе өндірісі 9,3%-ға ұлғайып, 44,8 мың тоннаны құрады. Шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі 10,4%-ға өсіп, 69,4 мың тоннаға жетті.

Саланы дамытуға өндірушілерді мемлекеттік қолдау және жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу ықпал етуде. Жыл басынан бері 200-ден астам кәсіпорынның айналым қаражатын толықтыруға 96 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді. Сонымен қатар елімізде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуді дамытуға және қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғайтуға бағытталған алты инвестициялық жоба пайдалануға берілді.
More from @tvalmaty
  1. Oct 13, 2026🇰🇿🇧🇪Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар фору…
  2. Oct 13, 2026🇰🇿🇧🇪Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады 🔹Президент Қасым-Жомарт Т…
  3. Oct 13, 2026🇧🇪Король Филипп Брюссельде және Астанада Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстард…
  4. Oct 13, 2026Мемлекет басшысы инвестициялық климатты жақсарту, заңнаманы жетілдіру, адал бәсекені қорға…
  5. Oct 13, 2026Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өнімділікті арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңде…
  6. Oct 13, 2026Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және мұнай химиясы салаларындағы ынтымақтастық перспективас…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →