TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43361 38
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және мұнай химиясы салаларындағы ынтымақтастық перспективасына баса назар аударды

– Қазақстан еуропалық нарыққа тұрақты түрде мұнай жеткізеді. Сонымен қатар жаңартылатын қуат көздері, энергия тиімділігін арттыру, өнеркәсіпті декарбонизациялау және сутегі өндірісі салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Бельгия компанияларын шикізатты терең өңдеу, химия өнеркәсібі және қосылған құны жоғары полимер өнімдерін шығару бағыттарында бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.


✔️Президент жасыл энергетикаға көшу және цифрлық экономиканы дамыту аса маңызды минералдар саласындағы өндірістік кооперация мүмкіндіктеріне жол ашатынына тоқталды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипптің мемлекеттік сапары аясында аса маңызды минералдар бойынша Қазақстан-Бельгия дөңгелек үстелі ұйымдастырылғанын атап өтті.

– Еліміз Еуропа өнеркәсібі үшін ауадай қажет 34 шикізат түрінің 21-ін өндіреді. Сонымен қатар Бельгияға титан мен молибден өнімдерін тасымалдайды. Біздің ресурс әлеуетіміз бен Бельгияның инвестициясын, технологиясы мен білім-білігін ұштастыра отырып, осы өте маңызды салада стратегиялық серіктестік құра аламыз. Бүгінгі іс-шараның нәтижесі нақты инвестициялық және технологиялық жобаларға ұласады деп үміттенемін. Мақсатымыз – отандық өңдеу өнеркәсібін өркендетіп, қосылған құны жоғары тауар шығару. John Cockerill және Qarmet компаниялары мырышталған болат пен қорғаныш жабындарын өндіру бойынша серіктестікті жолға қоймақ. Бельгиялық әріптестердің геологиялық барлау, шикізат және металл өңдеу жобаларына қатысуын құптаймыз, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 14, 2026Үкімет: экономиканың өсуі мұнайдан тыс секторлардағы өндірістің ұлғаюымен қамтамасыз етіле…
  2. Oct 14, 2026Свыше 200 военных медиков готовят для Вооруженных сил Казахстана В Казахстане и зарубежных…
  3. Oct 14, 2026🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Мати…
  4. Oct 14, 2026Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатында алтын медаль иегерлері атанды АҚШ-тың Лас-В…
  5. Oct 14, 2026В Жетысуском районе Алматы благоустроили километровую аллею и обновили парк «Жетісу» В Жет…
  6. Oct 14, 2026Курс валют на 14 октября составляет: USD / KZT – 448.45 (Доллар США) EUR / KZT – 501.59 (Е…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →