Түркістан облысында адам көп шоғырланатын 100-ге жуық орынға QR-кодтар орнатылды
Түркістан облысының учаскелік полиция инспекторлары тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдарын жедел жинау мақсатында адам көп жиналатын 100-ге жуық орынға арнайы QR-кодтар орналастырды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері 130 тұрғын үй мен есепте тұрған 133 азаматты тексеріп, азаматтарға интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша 300-ден астам ақпараттық жадынама таратты.
Post #43323
62