Алматы – Қорғас тасжолында камераға әдепсіз қимыл көрсеткен жүргізуші сотқа тартылады
Алматы облысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын мониторингтеу кезінде Алматы – Шелек – Қорғас автожолында Mercedes-Benz жүргізушісінің камераға әдепсіз қимыл көрсеткенін тіркеді. Тексеріс барысында жүргізушінің мемлекеттік тіркеу нөмірін де қасақана жасырғаны белгілі болды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жиналған материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Post #43193
17