Павлодар облысында "Нелегал - 2026" шарасы кезінде 76 шетелдік жауапкершілікке тартылды
Павлодар облысында өтіп жатқан "Нелегал - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде елде болу ережелерін бұзған 76 шетел азаматы анықталды. Сонымен қатар Павлодар қаласындағы дәмханалардың бірінде тиісті құжаттарсыз заңсыз жұмыс істеген көршілес мемлекеттің 3 азаматы ұсталды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жұмыс берушіге қатысты әкімшілік материал толтырылып, оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Post #43198
42