Қарағандыда пәтер иесінің жылытқышын ұрлап кеткен бұрынғы жалға алушы анықталды
Қарағанды қаласында 51 жастағы турғын полицияға арызданып, пәтерін жалдап тұрған 35 жастағы әйелдің көшіп кетер кезде өзіне тиесілі электр жылытқышын қолды қылғанын хабарлаған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктінің орналасқан жерін анықтап, тәркіленген мүлікті заңды иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Post #43203
65