Абай облысында абаттандыру қағидаларын бұзған 122 фактінің жолы кесілді
Абай облысында елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандырылуына бақылау күшейтіліп, бір апта ішінде 122 құқық бұзушылық тіркелді. Оның 101-і абаттандыру қағидаларын бұзуға, ал 21-і ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға қатысты болды. Тәртіп сақшылары бұл бағыттағы тексерістерде бейнебақылау камераларының мүмкіндіктерін де белсенді пайдалануда.
Post #43199
26