Абай облысының тергеушілері қылмыстарды ашуда цифрлық технологияларды қолдануда
Абай облысы полиция департаментінде қызмет ететін 92 тергеуші қылмыстарды, әсіресе интернет-алаяқтықтарды әшкерелеуде заманауи цифрлық тәсілдерді кеңінен пайдаланып келеді. Мамандар банк операциялары мен электрондық хабарламаларды, бейнежазбалар мен цифрлық іздерді зерделей отырып, әрбір іс бойынша дәлелдерді заң аясында тексеріп, әділдікті қамтамасыз етуде.
Post #43192
24