TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.93K subscribers
Post #43178 54
Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты
 
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Орталық Азия елдері Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа-тұс келген бүгінгі отырыстың символдық мәні ерекше екенін атап өтті.
 
– Осы жылдар ішінде тұтас дәуірді қамтыған ұзақ әрі сындарлы, сонымен қатар жемісті жолды еңсердік. Егемендігімізді нығайтып, дамудың төл моделін қалыптастырдық. Халықаралық қоғамдастықта лайықты орынға ие болдық. Бүгінде Орталық Азия мен Әзербайжан Еуразиядағы өсіп-өркендеп келе жатқан геосаяси ықпалдастық орталығы саналады. Ең бастысы, бауырлас халықтарымыздың парасаты мен ынтымақ-бірлігінің арқасында бейбітшілік пен келісім орнаған қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Ауызбіршілік, өзара қолдау мен сенім осы заманның сын-қатерлеріне төтеп беру үшін ортақ стратегиялық тірегімізге айналды. Бұл үрдістер геосаяси шиеленіс пен жікке бөліну күшейіп, халықаралық қатынастар құрылымы өзгеріске ұшыраған тұста өте өзекті, – деді Мемлекет басшысы.
More from @tvalmaty
  1. Oct 9, 2026Қарағандыда пәтер иесінің жылытқышын ұрлап кеткен бұрынғы жалға алушы анықталды Қарағанды…
  2. Oct 9, 2026Таразда 200 грамнан астам есірткі жасырмақ болған күдікті ұсталды Тараз қаласында полиция…
  3. Oct 9, 2026Қарағанды облысында қазақстандық нөмірін Грузия нөмірімен жасырған DAF жүргізушісі ұсталды…
  4. Oct 8, 2026Өскеменде қоғамдық орынды ластаған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды Өскемен қалас…
  5. Oct 8, 2026Абай облысында абаттандыру қағидаларын бұзған 122 фактінің жолы кесілді Абай облысында елд…
  6. Oct 8, 2026Павлодар облысында "Нелегал - 2026" шарасы кезінде 76 шетелдік жауапкершілікке тартылды Па…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →