TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.95K subscribers
Post #43076 54
🇰🇿🇴🇲Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді

🔹Президент мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Оман Сұлтанының Қазақстанға жасаған бірінші сапарының маңызды оқиға екенін атап өтті.

– Аса мәртебелі Сұлтан, елімізге алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Сізді қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Мұның тарихи мәні ерекше екеніне сенімдімін. Өйткені бұл елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жандандырып, жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Бұған дейін атап өткендей, өзара ықпалдастықтың әлеуеті мол. Мұны толығымен іске асыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🔹Мемлекет басшысы елдеріміз сенімді серіктеске айналуы үшін барынша күш салатынын айтты.

– Қазақстандықтар еліңізге ерекше құрметпен қарайды. Оманға саяхаттап барған азаматтарымыздың қатары қалың. Алайда Маскатты, Оманның басқа да қалаларын көрмеген отандастарымыз бар. Елдеріміз арасында қосымша тікелей коммерциялық әуе рейстері ашылса, барыс-келіс әлдеқайда жандана түсері сөзсіз. Сіздің сапарыңыз аясында Доңға мұнай кен орнына қатысты маңызды келісімге қол қойылғанынан хабардармын. Бұл да қос тараптың өзара қарым-қатынасты ілгерілетуге мүдделі әрі дайын екенін көрсетеді. Мұны ортақ жетістігіміз деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 6, 2026Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың негізгі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тәжі…
  2. Oct 6, 2026🇰🇿🇴🇲Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі 🔹Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ…
  3. Oct 6, 2026«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқ…
  4. Oct 6, 2026Euronews представил Алматы мировой аудитории Международное издание Euronews представило Ал…
  5. Oct 6, 2026Алматыда үш жаңа емхана салынады Жыл соңына дейін Алматыда үш жаңа емхананың құрылысын аяқ…
  6. Oct 6, 2026В Алматы первый заместитель акима Алмасхан Сматлаев провел личный прием граждан Первый зам…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →