TGViewer
QORJIN QORJIN @qorjin · 1.45K subscribers
Post #284 85
💰Компаниялар дивидендтерді қашан және қалай төлейді?

Дивидендтер деген не екенін бұған дейін жазған болатынбыз. Материалмен сілтеме арқылы таныса аласыз.

⚠️Бүгін оларды қашан күту керектігін және төлеудің қандай тәртібі бар екенін талқылаймыз.

🔹Компаниялар ақпан-наурыз айларында қаржылық есептілігін шығарады.

🔹Директорлар кеңесі (ДК) аудиттелген қаржылық есептілікті бекітеді және осының негізінде таза пайданың қанша бөлігін дивидендтерге бағыттау (немесе төлемеу) керектігі туралы ұсыным береді.

🔹Одан әрі Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (АЖЖЖ) ДК ұсынымдарына сәйкес дивидендтер бойынша түпкілікті шешім қабылданады. Оған компанияның барлық акция ұстаушылары қатыса алады.

👉 АЖЖЖ-да бірден тізілімді жабу күні, яғни дивидендтер есептелетін тұлғалардың барлығы тіркелетін күн белгіленеді.

Егер акция сатып алсаңыз, қаржылық есепті қадағалап отыру, төлемдер тарихын, компанияның өзінің дивидендтік саясаты мен ДҚ ұсынымдарын қаншалықты сақтайтынын білу маңызды.

Бұған дейін біз Қазақстанның публикалық компаниялары 2025 жыл үшін қандай дивидендтер есептегені туралы жазған болатынбыз. Материалмен сілтеме арқылы таныса аласыз:

https://t.me/QORJIN/274
https://t.me/QORJIN/279
  • ❤ 3
  • 👍 3
  • 🔥 1
  • 👏 1
  • 👌 1
More from @qorjin
  1. Sep 23, 2026QORJIN pinned a photo
  2. Sep 23, 2026🏦 Болашақ зейнетақыңыз: 2027 жылдан бастап не өзгереді? Қазір БЖЗҚ-дағы жинақты Ұлттық ба…
  3. Sep 23, 2026⛄️ Инвестициядағы "қар кесегі" қалай жұмыс істейді? Қар кесегі домалаған сайын үлкейеді. И…
  4. Sep 23, 2026📈📉🇰🇿 22 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіре…
  5. Sep 23, 2026photo post
  6. Sep 22, 2026❗️Жеке басқарушы компаниялар кірістілік бойынша БЖЗҚ-дан озды. Бірақ қазақстандықтар ақшас…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →