🌱💸Дивиденд деген не және ол акционер үшін неге маңызды?
Қор нарығындағы инвесторлар акциядан екі негізгі жолмен табыс таба алады: акция бағасының өсуі арқылы және дивиденд арқылы.
Бұған дейін біз акция деген не және одан қалай табыс табуға болатынын түсіндірген едік.
Бүгін дивидендтер туралы сөйлесеміз: дивиденд деген не, ол акционер үшін неге маңызды және компаниялар оны әрдайым төлей ме?
💵Дивиденд - бұл компанияның өз акционерлеріне төлей алатын пайдасының бір бөлігі.
Қарапайым тілмен айтқанда, акция сатып алған адам компанияның ортақ иелерінің біріне айналады.
🍰Егер бизнес пайда тапса, компания сол пайданың бір бөлігін акция иелерімен бөлісуі мүмкін.
☝Бірақ мынаны есте сақтау маңызды:
Дивиденд - кепілдендірілген табыс емес.
❌Компания дивидендті әрдайым төлеуге міндетті емес.
Ол пайданы бизнесті дамытуға, жаңа өнімдерді іске қосуға, жабдық сатып алуға, командасын кеңейтуге немесе қарыздарын азайтуға жұмсауы мүмкін.
Бір қарағанда бұл күрделі көрінуі мүмкін: акция, пайда, акционер, төлем деген ұғымдар.
Сондықтан мұны күнделікті өмірден алынған қарапайым мысалмен түсіндірейік:
➡️Тауық = акция;
➡️Жұмыртқа = дивиденд;
➡️Сатып алу бағасы = тауыққа немесе акцияға қанша төлегенің.
Мысалы, сен тауықты ₸10 000-ға сатып алдың дейк. Бір жылда ол саған, мысалы, 60 жұмыртқа берді. Егер бір жұмыртқаны шартты түрде ₸45 деп бағаласақ, онда бір жылда тауық саған ₸2 700 көлемінде өнім берді (60 × ₸45 = ₸2 700), яғни бір жылдағы жұмыртқаның құны тауық бағасының шамамен 27%-ына тең болды.
📊Акциялармен де логика ұқсас. Мысалы:
✅акция бағасы - ₸10 000;
✅компания бір акцияға ₸2200 дивиденд төледі.
➡️Онда дивидендтік табыстылық акция бағасының 22%-ын құрайд.
☝️Инвестор үшін тек соңғы дивидендтің көлеміне ғана емес, компанияның бұрын дивидендті қалай төлегеніне де қарау маңызды.
Бұл мынаны түсінуге көмектеседі:
📌тұрақты төледі ме;
📌төлемдер өсті ме;
📌әлде төмендеді ме;
📌дивиденд төленбеген жылдар болды ма;
📌компания пайданың қандай бөлігін әдетте акционерлерге бағыттады.
Дивидендтік тарихтың іс жүзінде қалай көрінетінін түсіну үшін Қазақстан ұлттық электржелілерінің операторы KEGOC компаниясының мысалын қарастырайық.
💵IPO-данбері, яғни 2014 жылдан бастап, KEGOC дивидендті жылына екі рет төлеп келеді.
Соңғы жылдары KEGOC-тың бір жай акцияға шаққандағы жиынтық дивидендтері мынадай болды:
🌱2020 ж. - ₸152,10;
🌱2021 ж. - ₸135,57
🌱2022 ж. - ₸116,03
🌱2023 ж. - ₸157,24
🌱2024 ж. - ₸161,90
🌱2025 ж. - ₸161,90.
KEGOC-тың IPO-дан бергі дивидендтіктарихын мына жерден көруге болады.
Дивидендтік тарих компанияның дивидендті бір рет қана төлеп қоймағанын, жыл бойы тұрақты түрде төлеп келгенін көрсетеді.
Бірақ мұндай жағдайда да инвестор тек өткен төлемдерге ғана қарамауы керек. Ол тек инвесторға компанияның пайданы бөлуге деген көзқарасын жақсырақ түсінуге көмектеседі.
☝️Компанияның қазіргі жағдайын да бағалау маңызды: пайдасы, қарызы, инвестициялық жоспарлары және бизнестің болашағы.
Post #60
243
- 🔥 4
- ❤ 2
- 🆒 1
- 😎 1