TGViewer
QORJIN QORJIN @qorjin · 1.45K subscribers
Post #285 68
⛄️ Инвестициядағы "қар кесегі" қалай жұмыс істейді?

Қар кесегі домалаған сайын үлкейеді. Инвестицияда да табысты қайта салсаңыз, ол жаңа табыс әкеле бастайды. Ай сайын қосқан ақшаңыз "кесекті" одан әрі өсіреді.

Мысал: бастапқы салым - $100. Жылдық өсім шартты түрде 10%. Екі жағдайды салыстырайық: ақша қоспайсыз немесе ай сайын $100 қосасыз:

📍 10 жыл: ақша қоспасаңыз, $100 → ≈ $260. Ай сайын қоссаңыз, өзіңіз $12 100 салып, инвестицияңыз ≈ $20 200 болады.

📍 20 жыл: ақша қоспасаңыз, $100 → ≈ $670. Ай сайын қоссаңыз, $24 100 салып, инвестицияңыз ≈ $72 500 болады.

📍 30 жыл: ақша қоспасаңыз, $100 → ≈ $1 745. Ай сайын қоссаңыз, $36 100 салып, инвестицияңыз ≈ $208 000 болады. Оның ≈ $171 900-і - есептік өсім.

Неге доллар және 10%? Мысал АҚШ-тың S&P 500 индексіне негізделген. Оның ұзақ мерзімді табысы доллармен жылына шамамен 10% болған. Бұл - тарихи көрсеткіш, болашақ табысқа кепілдік емес.
  • ❤ 3
  • 👍 3
  • 🔥 2
  • 🆒 1
More from @qorjin
  1. Sep 23, 2026QORJIN pinned a photo
  2. Sep 23, 2026🏦 Болашақ зейнетақыңыз: 2027 жылдан бастап не өзгереді? Қазір БЖЗҚ-дағы жинақты Ұлттық ба…
  3. Sep 23, 2026💰Компаниялар дивидендтерді қашан және қалай төлейді? Дивидендтер деген не екенін бұған де…
  4. Sep 23, 2026📈📉🇰🇿 22 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіре…
  5. Sep 23, 2026photo post
  6. Sep 22, 2026❗️Жеке басқарушы компаниялар кірістілік бойынша БЖЗҚ-дан озды. Бірақ қазақстандықтар ақшас…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →