TGViewer
QORJIN QORJIN @qorjin · 1.44K subscribers
Post #286 70
🏦 Болашақ зейнетақыңыз: 2027 жылдан бастап не өзгереді?

Қазір БЖЗҚ-дағы жинақты Ұлттық банк басқарса және оның табысы инфляциядан төмен болса, адам зейнетке шыққанда мемлекет айырмасын төлейді.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл төлем болмайды. Мемлекет БЖЗҚ-ға нақты аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасына кепілдік береді, бірақ инфляцияны есепке алмайды.

Мысалы, шотыңызға жылдар бойы 1 млн теңге жарна түсті. Инфляцияны ескергенде бұл сома 1,5 млн теңгеге тең. Ал зейнетке шыққанда шотыңызда 1,3 млн теңге бар.
Қазіргі тәртіп бойынша мемлекет 200 мың теңге айырманы өтеуі мүмкін. Жаңа тәртіп бойынша өтемейді: шоттағы сома салынған 1 млн теңгеден көп, бірақ инфляцияны жапқан жоқ.

Неге ереже өзгереді? Бұрын адамдар зейнетақы ақшасын кім басқаратынын таңдай алмады. Енді жинақты Ұлттық банктің басқаруында қалдыруға немесе жеке басқарушы компанияны таңдауға болады. Еңбек министрлігі өзгерісті осы таңдау мүмкіндігімен түсіндіреді.

Басқарушылардың нәтижесі бірдей ме? Біз бұл туралы бұған дейін жазғанбыз: 2026 жылғы тамыздың соңында аяқталған 12 айда Ұлттық банк басқарған зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,17%, ал жеке басқарушыларда 10,95–17,05% болды. Осы кезеңдегі инфляция - 9,8%. Бірақ бір жылдағы нәтиже келесі жылдары қайталанады деген сөз емес.

📌 Салымшы үшін не маңызды?

Шоттағы ақша өскені жеткіліксіз - жинақ табысы инфляциядан жоғары ма, соны да қараңыз. Жеке басқарушыны таңдасаңыз, оның бірнеше жылдағы нәтижесін, тәуекелдері мен комиссияларын салыстырыңыз.

Жеке басқарушыға берілген жинаққа инфляцияны ескеретін мемлекеттік кепілдік қазірдің өзінде қолданылмайды.
  • ❤ 2
  • ✍ 1
  • 👍 1
More from @qorjin
  1. Sep 23, 2026QORJIN pinned a photo
  2. Sep 23, 2026⛄️ Инвестициядағы "қар кесегі" қалай жұмыс істейді? Қар кесегі домалаған сайын үлкейеді. И…
  3. Sep 23, 2026💰Компаниялар дивидендтерді қашан және қалай төлейді? Дивидендтер деген не екенін бұған де…
  4. Sep 23, 2026📈📉🇰🇿 22 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіре…
  5. Sep 23, 2026photo post
  6. Sep 22, 2026❗️Жеке басқарушы компаниялар кірістілік бойынша БЖЗҚ-дан озды. Бірақ қазақстандықтар ақшас…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →