TGViewer
QORJIN QORJIN @qorjin · 881 subscribers
Post #281 67
❗️Жеке басқарушы компаниялар кірістілік бойынша БЖЗҚ-дан озды. Бірақ қазақстандықтар ақшасын оларға аударуға асығар емес.

Соңғы 12 айда (тамыз айының соңындағы жағдай бойынша) Қазақстандағы инфляция 9,8% құрады.

Осы кезеңдегі зейнетақы жинақтарының жылдық кірістілігі:
🔅БЖЗҚ: 6,17%
🔆Жеке басқарушы компаниялар (ЖБҰ): 10,95%-дан 17,05%-ға дейін - жылдық тарихы бар барлық 5 жеке компания инфляциядан жоғары нәтиже көрсетті.

⬇️Жеке басқарушылардың нәтижесі жоғары болғанымен, қазақстандықтар елдегі барлық зейнетақы активтерінің бары-жоғы 0,56%-ын ғана оларға сеніп тапсырған. Бұл - Т27,1 трлн ішіндегі Т151,3 млрд.

Тамыз айының соңындағы жеке компаниялардың жылдық кірістілігі:

Centras Securities - 17,05%
Alatau City Invest - 13,91%
Halyk Finance - 11,82%
Halyk Global Markets - 11,3%
BCC Invest - 10,95%

Тамыз айында жеке компаниялардың басқаруындағы қаражат көлемі 10%-ға өсті (137,5 млрд-тан 151,3 млрд теңгеге дейін), бірақ нарықтағы олардың үлесі әлі де төмен болып отыр.
  • ❤ 3
  • 🔥 2
  • 🆒 1
More from @qorjin
  1. Sep 22, 2026💰 Kaspi, Қазатомөнеркәсіп және ҚМГ: Инвесторлар 2025 жылы дивидендтен қанша тапты? Кеше K…
  2. Sep 22, 2026🏦Halyk бизнес үшін QR-комиссияны төмендетеді Банк кәсіпкерлерге арналған арнайы ұсынысын…
  3. Sep 22, 2026📈📉🇰🇿 21 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіре…
  4. Sep 22, 2026photo post
  5. Sep 21, 2026💵 Қазақстанда долларлық депозиттер тиімдірек болады Жақында қазақстандықтар долларлық жин…
  6. Sep 21, 2026📊 Инвесторлар 2025 жылы Қазақстан компанияларының дивидендтерінен нақты қанша табыс тапты…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →