TGViewer
Channel Public Channel
ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ

ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ

@islami_tarbie

Бала туылуымен және ұрпақ тәрбиесімен байланысты шариғи үкімдер мен ережелер әрі осыған байланысты пайдалы кеңестер.
Subscribers
1.02K
Photos
31
Videos
57
Links
52
Recent Posts 20 shown
Post #401 191
📝 Бала тәрбиесі [7]

Баланы бала күннен білімге баулу турасында

Имам Ибн Жәузи (рахимаһуллаһ) айтқан:

«مَن رُزِقَ ولدًا فليجتهد معه، والتوفيق من وراء ذلك، فينبغي له أن يُعوِّده النظافة والطهارة من الصغر، ويُشفِّقه بالكلام، فإذا بلغ خمس سنين فينبغي أخذه بحفظ العلم، فإن الحفظ في الصغر نقشٌ في حجر، ومتى بلغ الصبي ولم تكن له همة تحثه على اكتساب العلم بعدُ فلا فلاح له».

«Кімге перзент нәсіп болса, онымен бірге білім мен тәрбие жолында бар күшін салуға тырыссын. Ал тауфиқ (туралық) – [Аллаһтың қалауымен] соның артынан келеді. Сондай-ақ баланы кішкентайынан тазалық пен ұқыптылыққа үйретіп, көркем сөзбен сөйлеуге баулығаны жөн. Сонымен қатар бес жасқа толған кезде оны білім (Құран және хадис) жаттауға баулу керек. Себебі балалық шақта жатталған білім – тасқа қашалған нақыш секілді берік орнығады. Ал бала ер жеткенде оны білім іздеуге жетелейтін талпынысы болмаса, одан кейін игілікке жетуі қиын».
📚Имам Ибн Жәузи, «әл-Хасс ʿалә хифзи әл-ʿилм уа зикру кибар әл-хуффаз»; (37).

#bala_tarbiesi

🔗 t.me/bilim_baqshasy
Post #400 223
📝 Бала тәрбиесі [5]

Балалардың арасын бөліп-жармау...

Шейх Абдуль-Азиз Рожихи (хафизаһуллаһ) айтты:

«Балалардың арасында біреуін ерекше жақсы көруді және оларға деген махаббаттағы теңсіздікті ашық түрде көрсету – шеттетіліп қалған балалар ертең ата-аналарына тілазарлық қылуға алып барады. Сондықтан да Йусуфтың бауырлары әкелері Йусуфты басқа балалрынан артығырақ жақсы көретінін көрген кезде, жасаған опасыздықтарын жасады. Аллаһ Тағала айтқандай:
﴾Кезінде олар: «Біз бір әкеден тараған ағайындылар болсақ та, әкеміз Йусуфты және оның інісін бізден артық жақсы көреді, демек әкеміз анық адасудың (қателіктің) үстінде екен. Сондықтан Йусуфтың көзін құртыңдар немесе оны бір жерге апарып тастаңдар, сонда әкелеріңнің жүзі (сезімі) сендерге бұрылады»,- деп айтты﴿.

Йусуф сүресі, 8-9 аяттар.

Ал егер бір адам балаларының бірін басқаларынан қарағанда көбірек жақсы көрсе, онда ерекше сөзімін сөздермен не сыйлық берумен болса да, басқа балаларына білдіруші болмасын. Бар болғаны ішіндегі сезім болып қала берсін. Ал сыртқы мәміледе (қарым-қатынаста) -егер балалары кішкентай болса- онда оларды сүюде, иіскеуде, оларға сыйлықтар мен тәттілерді алып беруде олардың арасында теңдік пен әділдік қылсын».
📚 Шарх Сунан Нәсәи.

——————
#bala_tarbiesi

🔗https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #399 272
Үйде төгілмей қалған горшоктың үкімі:

2429 - АбдуЛлаһ ибн Язид Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенін баяндаған: «Зәрді (несепті) шылапшында (не басқа ыдыста) үйлеріңнің ішінде қалдырмаңдар, өйткені, расында, періштелер зәр бар үйге кірмейді және сендерден ешкім шомылып тұрған жерінде кіші әжетін өтемесін» («әс-Сахиха», 2516).
Post #398 355
📝 Бала тәрбиесі [4]

Балаға беретін махаббаттың мөлшері

Имам Ибн Жәузи (рахимаһуллаһ) айтқан:

ينبغي أن تكتم بعض حبك للولد، لأنه يتسلط عليك ويضيع مالك ويبالغ في الإدلال، ويمتنع عن التعلم والتأدب.

«Балаңа деген махаббатыңның кейбір тұстарын жасыра біл. Өйткені (егер оған деген бар сезіміңді көрсетіп қоятын болсаң) балаң сенің басыңа шығып алады, мүлкіңді талаң-таражға салады және тәртіпсіз болуда шектен шығады, сондай-ақ білім алу мен дұрыстыққа тәрбиеленуден түбегейлі бас тартады».
📚 Сойдуль-Хотир; (1/175).

#bala_tarbiesi

🔗https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #397 414
📝 Бала тәрбиесі [2]

Балаларға Құран үйретудің маңыздылығы

Имам Абдуллаһ ибн Иса (рахимаһуллаһ) айтқан:

لا تَزالُ هذِه الأُمَّةُ بِخيْرٍ ما تَعلَّمَ وِلْدانُها القُرآن.

«Бұл үмбеттің балалары Құранды оқып-үйнерген (Құранды жаттаған, Құранға амал еткен) уақытта бұл үмбет жақсылықтың үстінде жалғасымды бола бермек».
📚 Маусу’ату Ибн Әбид-Дунья; (7/75).

Ізгілердің бірі айтқандай:

علم ولدك القرآن، والقرآن سيعلمه كل شيء.

«Балаңа Құран үйретсең, Құран оған қалған нәрсені үйретеді».

——————
#bala_tarbiesi

🔗https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
Post #396 477
Audio
📖 Балаларды сыр сақтауға тәрбиелеу керек екенін үйрететін керемет хадис және шейх Усайминнің одан шығарған пайдалары
Post #395 714

Forwarded from Құран мағыналарының жеңілдетілген аудармасы

سورة الفاتحة


 بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ (1)
الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ (2) الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ (3) مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ (4) إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ (5) اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ (6) صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ (7)

«әл-Фатиха» сүресі

Бұл сүренің «әл-Фатиха» («Ашушы») деп аталуының себебі, өйткені онымен Ұлы Құран ашылады. Оның сондай-ақ «әл-Мәсәни» («Қайталанушы») деген атауы да бар, өйткені ол намаздың әр ракағатында қайталанып оқылады. Оның сондай-ақ басқа да атаулары бар.

1)     (Мен Құранды оқуымды бүкіл жаратылыстарға) Аса Мейірімді, (әрі мүминдерге) ерекше Рахымды (Одан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ Аса Ұлы әрі Жоғары) Аллаһтың (Ол ғана бұл есіммен ерекше аталатын әрі Одан басқа ешкім аталмайтын) атымен  (яғни Одан көмек сұрап) бастаймын.
(«әр-Рахман» (Аса Мейірімді) және «әр-Рахим» (ерекше Рахымды) – бұл Аллаһ Тағалың Ұлылығына сай «әр-Рахма» (Мейірім) деген сипатының бар екеніне нұсқайды.)

2)      (Барлық сипаттары кемелдік сипаттары болып табылатын, жаратылыстарды (жоқтан) бар етуші, олардың тіршілік етулерін қамтамасыз етіп, бүкіл істерін басқаратын әрі бүкіл жаратылыстарын нығметтерімен асырап, раббылық ететін) әлемдердің Раббысы Аллаһқа (Оның құдайлық ең кемел сипаттары  және бүкіл ашық және жасырын, діни  және дүниелік нығметтері үшін, көп-көп әрі қайта-қайта айтылатын)  бүкіл мақтаулар  (болсын).

3)      (Мейірімі бұл дүниеде бүкіл жаратылыстарды қамтитын) Аса Мейірімді, (ал Ақыретте тек мүминдерге ғана) ерекше Рахымдыға;

4)      (Пенделердің іс-амалдары үшін сый-жаза берілетін) Қиямет Күнінің (бүкіл кемшілік, серігі болудан және әлдебір ұқсастықтан Пәк) Патшасына.
5)      (Біз бүкіл ғибадаттарымызды Жалғыз Өзіңе ғана арнап,) Саған ғана құлшылық етеміз және (бүкіл істерімізде) Сенен ғана жәрдем тілейміз (өйткені бүкіл әмір Сенің ғана қолыңда әрі Сенен басқа ешкім тозаңның салмағындай нәрсеге де ие емес).

6)      Бізді (Пайғамбарлар мен елшілердің мөрі болған Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) нұсқаған әрі пенде үшін одан өзге бақытқа жеткізетін жол жоқ болған, Өзіңнің разылығың мен Жәннатыңа жеткізетін айқын) тура жолға (яғни Исламға нұсқап,) сала гөр (әрі онда бекем ете гөр).

7)      Сен нығметке бөлегендердің (яғни тура жолды мығым ұстанған пайғамбарлардың, шыншылдардың, шәһидтердің және салиқалы құлдарыңның) жолына. Бірақ (хақты біліп, оған амал етпеген) ашуға ұшырағандардың (яһудилердің әрі соларға ұқсайтындардың) және  (өздерінің тура жолды білмегендігі себебінен одан ауытқып адасқан христиандар мен соларға ұқсайтындардың) жолына емес.
Post #392 479

Forwarded from ҒИБРАТТЫ УАҒЫЗДАР

Audio
✨ "ҚҰРБАНДЫҚ"
"Бақыт кілті" топтамасынан

🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі
Post #387 747
🔶🔴 Пайғамбарымыз Мухаммад (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): "Әрбір бала өз табиғи ислами болмысында (фитрасында) туылады, содан кейін ата-анасы оны яһуди, христиан не отқа табынушы етіп өзгертеді", - деген.

🔶🔴 #كل_مولود_يولد_على_الفطرة

Александр Фретц атты америкалық бала 1990 жылы христиан отбасында дүниеге келген.

Анасы ең басынан-ақ оған дінін өзі таңдауына құқық беруді шешті. Ол баласына әртүрлі діндер туралы кітаптар әкеліп берді, ал Александр оларды мұқият зерттеуден кейін 8 жасында ислам дінін қабылдады.

Сонымен қатар, ол ислам туралы көптеген нәрселерді: намазды, Құран жаттауды, азанды және көптеген шариғат үкімдерін бірде-бір мұсылманды жолықтырмай-ақ үйренді.

Ол өзін Пайғамбарымызға ﷺ деген терең сүйіспеншілігінен «Мухаммад АбдуЛлаһ» деп атады.

📺 Ол анасымен бірге исламдық телеарналардың біріне шақырылған еді. Жүргізуші балаға сұрақтар қоюға дайындалды, бірақ ол баланың өзі сұрақ қоя бастағанына таңғалды. Бала: «Мен қажылық пен умраны қалай жасасам болады?»; «Бұл сапар қымбат болады ма?»; «Ихрам киімін қайдан сатып алуға болады?», – деген сұрақтар қойды.

Бала өз мектебінде танымал болды.

🕌Намаз уақыты кіргенде, ол жалғыз тұрып, азан айтады, кейін қамат айтып, жалғыз өзі намаз оқиды.

Жүргізуші одан: «Сенде осыған байланысты қиындықтар немесе қысым көру жағдайлары туындайды ма?», – деп сұрады.

Ол мұңайып: «Кейде намаз уақытының кіргенін білмей қалғандықтан, кейбір намаздарды өткізіп аламын», – деп жауап берді.

Жүргізуші одан: «Сені ислам дінінде не қызықтырды?», – деп сұрады.

Ол: «Ислам туралы көбірек оқыған сайын, оны соғұрлым көп жақсы көремін», – деп жауап берді. ❤️

Жүргізуші: «Сенің қандай армандарың бар?», – деп сұрады.
Бала ерекше жігермен: «Менің екі тілегім бар.

📸 Біріншісі: мұсылмандардың дұрыс бейнесін көрсету үшін фотограф болу. Сүйікті Пайғамбарымыздың ﷺ бейнесін бұрмалайтын батыстың лас фильмдері жаныма қатты батады.

🕋 Екіншісі: Меккеге барып, Қара тасты сүюді армандаймын», – деп жауап берді.

Бұл кезде оның христиан анасы: «Біздің үйіміздегі оның бөлмесі мұсылмандардың Қағбасы бейнеленген суреттерге толы. Ол Меккеге бару үшін апта сайынғы қалта ақшасынан 300 доллар жинап қойды», – деген еді.

Адамдар оның істеп жүргендерін жәй ғана қызықты оқиға деп ойлайды, бірақ Мухаммадтың жүрегінде басқалар сезе бермейтін нағыз иман бар.

🌙 Ол: «Рамазан айында ораза ұстадың ба?», – деп сұралды.

Ол: «Иә, өткен жылы ораза ұстадым. Әкем маған: «Қолыңнан келмейді», – деп, мені сынаған еді, бірақ кейін менің шынымен ораза ұстағаныма таңғалды», – деп жауап берді.

Жүргізуші одан: «Тағы қандай армандарың бар?», – деп сұрады.
Ол: «Палестинаның мұсылмандарға қайтарылуын армандаймын, өйткені бұл – олардың жері, оны отарлаушылар басып алды», – деп жауап берді.

Жүргізуші: «Сен ата-анаңмен бірге шошқа етін жейсің бе?», – деп сұрады.

Ол: «Шошқа – лас жануар. Мен оны жемеймін және адамдардың оны қалай жейтінін түсінбеймін», – деп жауап берді.

🏫 Жүргізуші: «Мектепте намаз оқисың ба?», – деп сұрады.
Ол: «Иә, мен кітапханадан күн сайын намаз оқитын құпия жер таптым», – деп жауап берді.

Ақшам намазының уақыты кіргенде, ол жүргізушіге қарап: «Азан айтуға рұқсат па?», – деді.

Кейін ол орнынан тұрып, намаз уақыты кіргенде азан айтты, ал жүргізушінің көзі жасқа толды.

📖 Аллаһ Тағала Қасиетті Құранда былай деген:

﴿وَإِن تَتَوَلَّوۡاْ يَسۡتَبۡدِلۡ قَوۡمًا غَيۡرَكُمۡ ثُمَّ لَا يَكُونُوٓاْ أَمۡثَٰلَكُم٣٨﴾

«Егер Аллаһтан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты ауыстырады. Сосын олар сендер сияқты болмайды» («Мухаммад» сүресі, 38-аят).

🌐 sarhaan.com
Post #386 732
Шейх Хайсам Сархан:


📌 Балаларыңыздың болашағын қалай қамтамасыз ете аласыз?

📜 Бірде Муқотиль ибн Сулейман (деген ғұлама кісі) Аббаси халифасы Абу Жәғфар әл-Мансурдың алдына кірді. Сонда Мансур оған: «Уа Муқотиль! Маған насихат айт», – деді.

Муқотиль: «Естігенімнен бе, әлде көргенімнен бе?», – деп сұрайды.

Мансур: «Көргеніңнен», – деп жауап береді.

📍Муқотиль былай деді: «Уа мүминдердің әмірі! Умайя халифасы Умар ибн Абдул-Азиздің он бір баласы болды. Ол өзінен кейін он сегіз–ақ динар қалдырды. Оның бес динары кебініне жұмсалды, төрт динарға қабір сатып алынды, ал қалғаны балаларының арасында бөлінді.

📍Умайя халифасы Хишам ибн Абдул-Мәликтің де он бір баласы болды. Оның қалдырған мұрасынан әр баласына бір миллион динардан қалды.

📖 Әрі, уа мүминдердің әмірі! Аллаһпен ант етемін! Мен бір күннің ішінде Умар ибн Абдул-Азиздің ұлдарының бірі Аллаһтың жолындағы жиһадқа жүз жылқыны садақа ретінде беріп жатқанын, ал Хишамның ұлдарының бірі базарда қайыр тілеп жүргенін көрдім».

❓Адамдар өлім төсегінде жатқан Умар ибн Абдул-Азизден: «Уа Умар! Балаларыңа не қалдырдың?», – деп сұраған еді. Ол:
«Мен оларға Аллаһтан қорқуды (тақуалықты) қалдырдым. Егер олар ізгі болса, Аллаһ Тағала ізгілерді Өз қамқорлығына алады. Ал егер олар ізгі болмаса, онда мен оларға Аллаһқа қарсы келуіне көмектесетін ешбір дүние қалдырмаймын», – деп жауап берді.


❗️Көптеген адамдар балаларының болашағын қамтамасыз ету үшін тырысып, еңбек етеді. Олар өздері өлгеннен кейін балаларының қолында ақша болуы – олар үшін қорғаныш пен амандық болады деп ойлайды. Бірақ олар Аллаһ Тағаланың Өз Кітабында айтқан ұлы қорғаны (амандығы) туралы ұмытады.

Аллаһ Тағала былай деген:

وَلْيَخْشَ الَّذِينَ لَوْ تَرَكُوا مِنْ خَلْفِهِمْ ذُرِّيَّةً ضِعَافًا خَافُوا عَلَيْهِمْ فَلْيَتَّقُوا اللَّهَ وَلْيَقُولُوا قَوْلا سَدِيدًا (٩)

«Әрі олар арттарында әлсіз (жас) балалар қалдырса, оларға не болар екен деп уайым жесін. Аллаһтан қорықсын да, дұрыс сөз айтсын» («ән-Ниса» сүресі, 9-аят).
Post #384 554
✅ Мединаға келіп жатсаңыз, мына пайдалы сыйлықтан құр қалмаңыз!
Post #382 542

Forwarded from 78 قناة 🇰🇿 قازاقية كازاخية Ислам туралы қазақ тілінде. "Сунна" институтының жетекшісі доктор Хайсам Сарханның басшылығы.

عيد سعيد

Happy Eid

Joyeux Aïd

Feliz Eid

Eid Mubarak

Selamat Idul Fitri

İyi Bayramlar

Айт құтты болсын

Hayit muborak

Sretan Bajram

Gëzuar Bajramin

开斋节快乐

ईद मुबारक

ঈদ মোবারক

Eid njema

https://sarhaan.com/
Post #380 647

Forwarded from Видео "Абу Ханифа мирасы"

📖🎙🔈 "Асыл білім қазынасы"
Ислам туралы 1000 сұраққа жауап және дәлел

649.Қадір түні Аллаһқа қалай дұға ету керек?

📌 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі
Post #379 542

Forwarded from АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

🎙 🔈 Құрметті бауырлар!

Қасиетті әрі жылдың ең жақсы түндері бүгіннен басталмақ. Осы түндерде Аллаһтан игілік пен жарылқау тілеу үшін ынта ыждағат танытып, жан тәнімізбен Раббымызға құлшылыққа бағыштайық. Осы он түннің ішінде мың айдан, яғни сексен үш жыл төрт айдан жақсырақ мубәрак түн бар.
Ендеше, осы түндердің қадір қасиетін және ондағы жасалатын сүннетттерді білейік.

1. Ең жақсы он түн.
("Сунна" колледжі)
https://t.me/baqyt_kilti/401
2. Рамазанның соңғы он түнінің қадір-қасиеті (Ержан Абзалбек)
https://t.me/oraza/534
3. Рамазанды аяқтаудағы бес маңызды амал
https://t.me/oraza/449
4. Рамазан кетуге бет алды ("Абу Ханифа мирасы")
https://t.me/oraza/437
5. Қадір түні
https://youtu.be/eQiSFiV_cIM
6. Осы түн қадір түні болуға ең жақын
https://t.me/oraza/441
7. "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан:
Қадір түні туралы бап
https://t.me/oraza/477
8. Рамазаншыл ғана болмайық
https://t.me/oraza/453
9. Қадір түнін намазбен өткізудің ұлы сыйы
https://t.me/baqyt_kilti/405
Post #378 559
Older posts →

About this channel

How can I read @islami_tarbie without a Telegram account?
TGViewer shows the public web preview Telegram publishes for ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ: recent posts, photos, videos and the subscriber count, with no app, login or account.
How many subscribers does ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ have?
ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ (@islami_tarbie) has 1.02K subscribers on Telegram, refreshed roughly every 30 minutes.
Does ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ know I viewed it here?
No. Public channel previews carry no viewer identity, and TGViewer has no accounts or tracking of what you look up.
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →