TGViewer
ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ @islami_tarbie · 1.02K subscribers
Post #400 223
📝 Бала тәрбиесі [5]

Балалардың арасын бөліп-жармау...

Шейх Абдуль-Азиз Рожихи (хафизаһуллаһ) айтты:

«Балалардың арасында біреуін ерекше жақсы көруді және оларға деген махаббаттағы теңсіздікті ашық түрде көрсету – шеттетіліп қалған балалар ертең ата-аналарына тілазарлық қылуға алып барады. Сондықтан да Йусуфтың бауырлары әкелері Йусуфты басқа балалрынан артығырақ жақсы көретінін көрген кезде, жасаған опасыздықтарын жасады. Аллаһ Тағала айтқандай:
﴾Кезінде олар: «Біз бір әкеден тараған ағайындылар болсақ та, әкеміз Йусуфты және оның інісін бізден артық жақсы көреді, демек әкеміз анық адасудың (қателіктің) үстінде екен. Сондықтан Йусуфтың көзін құртыңдар немесе оны бір жерге апарып тастаңдар, сонда әкелеріңнің жүзі (сезімі) сендерге бұрылады»,- деп айтты﴿.

Йусуф сүресі, 8-9 аяттар.

Ал егер бір адам балаларының бірін басқаларынан қарағанда көбірек жақсы көрсе, онда ерекше сөзімін сөздермен не сыйлық берумен болса да, басқа балаларына білдіруші болмасын. Бар болғаны ішіндегі сезім болып қала берсін. Ал сыртқы мәміледе (қарым-қатынаста) -егер балалары кішкентай болса- онда оларды сүюде, иіскеуде, оларға сыйлықтар мен тәттілерді алып беруде олардың арасында теңдік пен әділдік қылсын».
📚 Шарх Сунан Нәсәи.

——————
#bala_tarbiesi

🔗https://t.me/bilim_baqshasy
Telegram БІЛІМ БАҚШАСЫ Ақырет азығына арналған арна
More from @islami_tarbie
  1. Sep 23, 2026📝 Бала тәрбиесі [7] Баланы бала күннен білімге баулу турасында Имам Ибн Жәузи (рахимаһулл…
  2. Sep 16, 2026Үйде төгілмей қалған горшоктың үкімі: 2429 - АбдуЛлаһ ибн Язид Пайғамбарымыздың ﷺ былай де…
  3. Sep 12, 2026📝 Бала тәрбиесі [4] Балаға беретін махаббаттың мөлшері Имам Ибн Жәузи (рахимаһуллаһ) айтқ…
  4. Aug 30, 2026📝 Бала тәрбиесі [2] Балаларға Құран үйретудің маңыздылығы Имам Абдуллаһ ибн Иса (рахимаһу…
  5. Jul 29, 2026📖 Балаларды сыр сақтауға тәрбиелеу керек екенін үйрететін керемет хадис және шейх Усаймин…
  6. Jun 4, 2026سورة الفاتحة بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ (1) الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِي…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →