TGViewer
ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ @islami_tarbie · 1.02K subscribers
Post #395 714

Forwarded from Құран мағыналарының жеңілдетілген аудармасы

سورة الفاتحة


 بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ (1)
الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ (2) الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ (3) مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ (4) إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ (5) اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ (6) صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ (7)

«әл-Фатиха» сүресі

Бұл сүренің «әл-Фатиха» («Ашушы») деп аталуының себебі, өйткені онымен Ұлы Құран ашылады. Оның сондай-ақ «әл-Мәсәни» («Қайталанушы») деген атауы да бар, өйткені ол намаздың әр ракағатында қайталанып оқылады. Оның сондай-ақ басқа да атаулары бар.

1)     (Мен Құранды оқуымды бүкіл жаратылыстарға) Аса Мейірімді, (әрі мүминдерге) ерекше Рахымды (Одан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ Аса Ұлы әрі Жоғары) Аллаһтың (Ол ғана бұл есіммен ерекше аталатын әрі Одан басқа ешкім аталмайтын) атымен  (яғни Одан көмек сұрап) бастаймын.
(«әр-Рахман» (Аса Мейірімді) және «әр-Рахим» (ерекше Рахымды) – бұл Аллаһ Тағалың Ұлылығына сай «әр-Рахма» (Мейірім) деген сипатының бар екеніне нұсқайды.)

2)      (Барлық сипаттары кемелдік сипаттары болып табылатын, жаратылыстарды (жоқтан) бар етуші, олардың тіршілік етулерін қамтамасыз етіп, бүкіл істерін басқаратын әрі бүкіл жаратылыстарын нығметтерімен асырап, раббылық ететін) әлемдердің Раббысы Аллаһқа (Оның құдайлық ең кемел сипаттары  және бүкіл ашық және жасырын, діни  және дүниелік нығметтері үшін, көп-көп әрі қайта-қайта айтылатын)  бүкіл мақтаулар  (болсын).

3)      (Мейірімі бұл дүниеде бүкіл жаратылыстарды қамтитын) Аса Мейірімді, (ал Ақыретте тек мүминдерге ғана) ерекше Рахымдыға;

4)      (Пенделердің іс-амалдары үшін сый-жаза берілетін) Қиямет Күнінің (бүкіл кемшілік, серігі болудан және әлдебір ұқсастықтан Пәк) Патшасына.
5)      (Біз бүкіл ғибадаттарымызды Жалғыз Өзіңе ғана арнап,) Саған ғана құлшылық етеміз және (бүкіл істерімізде) Сенен ғана жәрдем тілейміз (өйткені бүкіл әмір Сенің ғана қолыңда әрі Сенен басқа ешкім тозаңның салмағындай нәрсеге де ие емес).

6)      Бізді (Пайғамбарлар мен елшілердің мөрі болған Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) нұсқаған әрі пенде үшін одан өзге бақытқа жеткізетін жол жоқ болған, Өзіңнің разылығың мен Жәннатыңа жеткізетін айқын) тура жолға (яғни Исламға нұсқап,) сала гөр (әрі онда бекем ете гөр).

7)      Сен нығметке бөлегендердің (яғни тура жолды мығым ұстанған пайғамбарлардың, шыншылдардың, шәһидтердің және салиқалы құлдарыңның) жолына. Бірақ (хақты біліп, оған амал етпеген) ашуға ұшырағандардың (яһудилердің әрі соларға ұқсайтындардың) және  (өздерінің тура жолды білмегендігі себебінен одан ауытқып адасқан христиандар мен соларға ұқсайтындардың) жолына емес.
More from @islami_tarbie
  1. Sep 23, 2026📝 Бала тәрбиесі [7] Баланы бала күннен білімге баулу турасында Имам Ибн Жәузи (рахимаһулл…
  2. Sep 20, 2026📝 Бала тәрбиесі [5] Балалардың арасын бөліп-жармау... Шейх Абдуль-Азиз Рожихи (хафизаһулл…
  3. Sep 16, 2026Үйде төгілмей қалған горшоктың үкімі: 2429 - АбдуЛлаһ ибн Язид Пайғамбарымыздың ﷺ былай де…
  4. Sep 12, 2026📝 Бала тәрбиесі [4] Балаға беретін махаббаттың мөлшері Имам Ибн Жәузи (рахимаһуллаһ) айтқ…
  5. Aug 30, 2026📝 Бала тәрбиесі [2] Балаларға Құран үйретудің маңыздылығы Имам Абдуллаһ ибн Иса (рахимаһу…
  6. Jul 29, 2026📖 Балаларды сыр сақтауға тәрбиелеу керек екенін үйрететін керемет хадис және шейх Усаймин…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →