TGViewer
ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ @islami_tarbie · 1.02K subscribers
Post #387 747
🔶🔴 Пайғамбарымыз Мухаммад (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): "Әрбір бала өз табиғи ислами болмысында (фитрасында) туылады, содан кейін ата-анасы оны яһуди, христиан не отқа табынушы етіп өзгертеді", - деген.

🔶🔴 #كل_مولود_يولد_على_الفطرة

Александр Фретц атты америкалық бала 1990 жылы христиан отбасында дүниеге келген.

Анасы ең басынан-ақ оған дінін өзі таңдауына құқық беруді шешті. Ол баласына әртүрлі діндер туралы кітаптар әкеліп берді, ал Александр оларды мұқият зерттеуден кейін 8 жасында ислам дінін қабылдады.

Сонымен қатар, ол ислам туралы көптеген нәрселерді: намазды, Құран жаттауды, азанды және көптеген шариғат үкімдерін бірде-бір мұсылманды жолықтырмай-ақ үйренді.

Ол өзін Пайғамбарымызға ﷺ деген терең сүйіспеншілігінен «Мухаммад АбдуЛлаһ» деп атады.

📺 Ол анасымен бірге исламдық телеарналардың біріне шақырылған еді. Жүргізуші балаға сұрақтар қоюға дайындалды, бірақ ол баланың өзі сұрақ қоя бастағанына таңғалды. Бала: «Мен қажылық пен умраны қалай жасасам болады?»; «Бұл сапар қымбат болады ма?»; «Ихрам киімін қайдан сатып алуға болады?», – деген сұрақтар қойды.

Бала өз мектебінде танымал болды.

🕌Намаз уақыты кіргенде, ол жалғыз тұрып, азан айтады, кейін қамат айтып, жалғыз өзі намаз оқиды.

Жүргізуші одан: «Сенде осыған байланысты қиындықтар немесе қысым көру жағдайлары туындайды ма?», – деп сұрады.

Ол мұңайып: «Кейде намаз уақытының кіргенін білмей қалғандықтан, кейбір намаздарды өткізіп аламын», – деп жауап берді.

Жүргізуші одан: «Сені ислам дінінде не қызықтырды?», – деп сұрады.

Ол: «Ислам туралы көбірек оқыған сайын, оны соғұрлым көп жақсы көремін», – деп жауап берді. ❤️

Жүргізуші: «Сенің қандай армандарың бар?», – деп сұрады.
Бала ерекше жігермен: «Менің екі тілегім бар.

📸 Біріншісі: мұсылмандардың дұрыс бейнесін көрсету үшін фотограф болу. Сүйікті Пайғамбарымыздың ﷺ бейнесін бұрмалайтын батыстың лас фильмдері жаныма қатты батады.

🕋 Екіншісі: Меккеге барып, Қара тасты сүюді армандаймын», – деп жауап берді.

Бұл кезде оның христиан анасы: «Біздің үйіміздегі оның бөлмесі мұсылмандардың Қағбасы бейнеленген суреттерге толы. Ол Меккеге бару үшін апта сайынғы қалта ақшасынан 300 доллар жинап қойды», – деген еді.

Адамдар оның істеп жүргендерін жәй ғана қызықты оқиға деп ойлайды, бірақ Мухаммадтың жүрегінде басқалар сезе бермейтін нағыз иман бар.

🌙 Ол: «Рамазан айында ораза ұстадың ба?», – деп сұралды.

Ол: «Иә, өткен жылы ораза ұстадым. Әкем маған: «Қолыңнан келмейді», – деп, мені сынаған еді, бірақ кейін менің шынымен ораза ұстағаныма таңғалды», – деп жауап берді.

Жүргізуші одан: «Тағы қандай армандарың бар?», – деп сұрады.
Ол: «Палестинаның мұсылмандарға қайтарылуын армандаймын, өйткені бұл – олардың жері, оны отарлаушылар басып алды», – деп жауап берді.

Жүргізуші: «Сен ата-анаңмен бірге шошқа етін жейсің бе?», – деп сұрады.

Ол: «Шошқа – лас жануар. Мен оны жемеймін және адамдардың оны қалай жейтінін түсінбеймін», – деп жауап берді.

🏫 Жүргізуші: «Мектепте намаз оқисың ба?», – деп сұрады.
Ол: «Иә, мен кітапханадан күн сайын намаз оқитын құпия жер таптым», – деп жауап берді.

Ақшам намазының уақыты кіргенде, ол жүргізушіге қарап: «Азан айтуға рұқсат па?», – деді.

Кейін ол орнынан тұрып, намаз уақыты кіргенде азан айтты, ал жүргізушінің көзі жасқа толды.

📖 Аллаһ Тағала Қасиетті Құранда былай деген:

﴿وَإِن تَتَوَلَّوۡاْ يَسۡتَبۡدِلۡ قَوۡمًا غَيۡرَكُمۡ ثُمَّ لَا يَكُونُوٓاْ أَمۡثَٰلَكُم٣٨﴾

«Егер Аллаһтан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты ауыстырады. Сосын олар сендер сияқты болмайды» («Мухаммад» сүресі, 38-аят).

🌐 sarhaan.com
More from @islami_tarbie
  1. Sep 23, 2026📝 Бала тәрбиесі [7] Баланы бала күннен білімге баулу турасында Имам Ибн Жәузи (рахимаһулл…
  2. Sep 20, 2026📝 Бала тәрбиесі [5] Балалардың арасын бөліп-жармау... Шейх Абдуль-Азиз Рожихи (хафизаһулл…
  3. Sep 16, 2026Үйде төгілмей қалған горшоктың үкімі: 2429 - АбдуЛлаһ ибн Язид Пайғамбарымыздың ﷺ былай де…
  4. Sep 12, 2026📝 Бала тәрбиесі [4] Балаға беретін махаббаттың мөлшері Имам Ибн Жәузи (рахимаһуллаһ) айтқ…
  5. Aug 30, 2026📝 Бала тәрбиесі [2] Балаларға Құран үйретудің маңыздылығы Имам Абдуллаһ ибн Иса (рахимаһу…
  6. Jul 29, 2026📖 Балаларды сыр сақтауға тәрбиелеу керек екенін үйрететін керемет хадис және шейх Усаймин…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →