TGViewer
ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ @islami_tarbie · 1.02K subscribers
Post #386 732
Шейх Хайсам Сархан:


📌 Балаларыңыздың болашағын қалай қамтамасыз ете аласыз?

📜 Бірде Муқотиль ибн Сулейман (деген ғұлама кісі) Аббаси халифасы Абу Жәғфар әл-Мансурдың алдына кірді. Сонда Мансур оған: «Уа Муқотиль! Маған насихат айт», – деді.

Муқотиль: «Естігенімнен бе, әлде көргенімнен бе?», – деп сұрайды.

Мансур: «Көргеніңнен», – деп жауап береді.

📍Муқотиль былай деді: «Уа мүминдердің әмірі! Умайя халифасы Умар ибн Абдул-Азиздің он бір баласы болды. Ол өзінен кейін он сегіз–ақ динар қалдырды. Оның бес динары кебініне жұмсалды, төрт динарға қабір сатып алынды, ал қалғаны балаларының арасында бөлінді.

📍Умайя халифасы Хишам ибн Абдул-Мәликтің де он бір баласы болды. Оның қалдырған мұрасынан әр баласына бір миллион динардан қалды.

📖 Әрі, уа мүминдердің әмірі! Аллаһпен ант етемін! Мен бір күннің ішінде Умар ибн Абдул-Азиздің ұлдарының бірі Аллаһтың жолындағы жиһадқа жүз жылқыны садақа ретінде беріп жатқанын, ал Хишамның ұлдарының бірі базарда қайыр тілеп жүргенін көрдім».

❓Адамдар өлім төсегінде жатқан Умар ибн Абдул-Азизден: «Уа Умар! Балаларыңа не қалдырдың?», – деп сұраған еді. Ол:
«Мен оларға Аллаһтан қорқуды (тақуалықты) қалдырдым. Егер олар ізгі болса, Аллаһ Тағала ізгілерді Өз қамқорлығына алады. Ал егер олар ізгі болмаса, онда мен оларға Аллаһқа қарсы келуіне көмектесетін ешбір дүние қалдырмаймын», – деп жауап берді.


❗️Көптеген адамдар балаларының болашағын қамтамасыз ету үшін тырысып, еңбек етеді. Олар өздері өлгеннен кейін балаларының қолында ақша болуы – олар үшін қорғаныш пен амандық болады деп ойлайды. Бірақ олар Аллаһ Тағаланың Өз Кітабында айтқан ұлы қорғаны (амандығы) туралы ұмытады.

Аллаһ Тағала былай деген:

وَلْيَخْشَ الَّذِينَ لَوْ تَرَكُوا مِنْ خَلْفِهِمْ ذُرِّيَّةً ضِعَافًا خَافُوا عَلَيْهِمْ فَلْيَتَّقُوا اللَّهَ وَلْيَقُولُوا قَوْلا سَدِيدًا (٩)

«Әрі олар арттарында әлсіз (жас) балалар қалдырса, оларға не болар екен деп уайым жесін. Аллаһтан қорықсын да, дұрыс сөз айтсын» («ән-Ниса» сүресі, 9-аят).
More from @islami_tarbie
  1. Sep 23, 2026📝 Бала тәрбиесі [7] Баланы бала күннен білімге баулу турасында Имам Ибн Жәузи (рахимаһулл…
  2. Sep 20, 2026📝 Бала тәрбиесі [5] Балалардың арасын бөліп-жармау... Шейх Абдуль-Азиз Рожихи (хафизаһулл…
  3. Sep 16, 2026Үйде төгілмей қалған горшоктың үкімі: 2429 - АбдуЛлаһ ибн Язид Пайғамбарымыздың ﷺ былай де…
  4. Sep 12, 2026📝 Бала тәрбиесі [4] Балаға беретін махаббаттың мөлшері Имам Ибн Жәузи (рахимаһуллаһ) айтқ…
  5. Aug 30, 2026📝 Бала тәрбиесі [2] Балаларға Құран үйретудің маңыздылығы Имам Абдуллаһ ибн Иса (рахимаһу…
  6. Jul 29, 2026📖 Балаларды сыр сақтауға тәрбиелеу керек екенін үйрететін керемет хадис және шейх Усаймин…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →