Қазақстан шетел азаматтарының электронды рұқсат алу тәртібін бекітті
Қазақстан үкіметі визасыз елдерден (ЕАЭО елдері, ТМД, АҚШ, БАӘ, Германия, Ұлыбритания азаматтары да бар) келетін шетелдіктердің елге кіруіне мүмкіндік беретін электронды рұқсат алу ережесін бекітті.
Өтініштер елге кірмей тұрып кемінде 72 сағат бұрын арнайы цифрлық платформа (QazETA) арқылы рәсімделеді. Электронды рұқсатты рәсімдеу тегін. 180 күнге жарамды.
Мұндай жүйе 1 қарашадан бастап Ақтау халықаралық әуежайында және жекелеген көлік құралдарын өткізу пункттерінде ("Үрлітөбе", "Ауқатты", "Атамекен және Нұрлы жол) іске қосылатыны хабарланды.
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап оған Астана және Алматы халықаралық әуежайлары қосылады. 2027 жылдың 1 наурызынан бастап жүйе қалған шекара өткізу пункттерінде істей бастайды. 2027 жылдың 1 шілдесінен бастап электронды рұқсат міндеттеледі, ал ондай рұқсаты жоқ шетелдіктер елге кіре алмауы мүмкін.
Post #35719
659

- 👍 12