Сбербанк өзінің дата орталығына шабуыл жасалғанын растады
Ресейдің Саратов облысы Балаково қаласындағы Сбербанктің дата орталығына дрон шабуылы жасалғанын қаржы мекемесі растады.
“Деректерді өңдеу орталығына шабуыл болғанын растаймыз. Сбербанктің барлық жүйесі және барлық қызметі қалыпты жағдайда істеп тұр” деді банктің басқарма төрағасының орынбасары Александр Ведяхин ТАСС агенттігіне.
Өткен аптада Украина Yandex-тің үш дата орталығына шабуылдаған. Компанияның жалпы алты дата орталығы бар.
Бұған дейін Саратов облысының губернаторы Роман Бусаргин Балаково қаласында дрон шабуылы салдарынан бірнеше тұрғын үй бүлінгенін, бір адам қаза болғанын хабарлаған.
Post #35713
2.25K
- 🔥 15
- 👍 10
- ❤ 2