АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 17-22 қазан аралығында Өзбекстан мен Үндістанға сапарлайды. Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесіне қарағанда, Рубио әуелі Самарқанға, ізінше Үндістанның Мумбай және Джамнагар қалаларына барады.
"Өзбекстанда мемлекеттік хатшы Рубио осы дипломатиялық платформа аясында стратегиялық ынтымақтастықтың АҚШ және Орталық Азия елдері үшін бейбіт және гүлденген болашаққа қалай үлес қосатынын атап өту үшін "C5+1" форматындағы министрлердің кездесуіне қатысады" деп жазылған мәлімдемеде.
АҚШ пен Орталық Азияның бес мемлекетін біріктіретін "C5+1" форматы 2015 жылы іске қосылды. Алғашқы кездесу сыртқы істер министрлері деңгейінде өтті және оған сол кездегі АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қатысты. Бұл формат Вашингтон мен аймақ арасындағы жоғары деңгейдегі өзара ықпалдастықтың негізгі алаңына айналды.
Былтыр алғаш рет жоғары деңгейдегі келіссөздер өтті: Вашингтонда Орталық Азияның бес мемлекетінің басшылары мен АҚШ президенті Дональд Трамп қатысқан саммит өтті. Кездесуде аймақ пен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың «жаңа дәуірі» басталғаны айтылды.
