TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35715 847
Yandex-тегі ақаудан кейін құрылтайда азаматтардың жеке деректерінің басқа елге берілу-берілмеу заңдылығын тексеруді талап етті.
“Бәрімізге мәлім, 11 қазан қазақстандықтар «Яндекс» компаниясының кейбір қызметтеріне қол жеткізе алмады. Компания мұны шетелдегі инфрақұрылымдағы ақаумен түсіндірді. Министрлік қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректері сақталатын серверлер ел аумағында орналасқанын мәлімдегенімен, кейбір компоненттердің Қазақстаннан тыс жерде екенін растады. Күн сайын азаматтардың телефон нөмірі, мекенжайы, жүріп-тұру бағыты мен төлем деректерін өңдейтін сервистің шетелдегі бір ақаудан тоқтап қалуы бұл деректердің нақты қай елде, қандай құқықтық режимде өңделетінін ашық анықтауды талап етеді” деді депутат Ләззат Жылқыбаева.

Украин дрондарының шабуылынан кейін Ресейде, Беларусь, Сербия және Орталық Азияның бірқатар мемлекетінде Yandex-тің кейбір қызметінде ақау пайда болды. "Yandex Go Қазақстан" өкілдері есептеу процестерінің бір бөлігі шетелде атқарылатындықтан басқа мемлекеттегі инфрақұрылымның бұзылуы Қазақстандағы сервистің жұмысына тікелей әсер етуі мүмкін деп түсіндірді.

2023 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның цифрлық даму министрлігі "Яндекс" компаниясы yandex.kz серверлерін ел аумағына көшіруді аяқтағанын хабарлаған еді. Сол кездегі министр Бағдат Мусин қолданушылардың дербес деректері Қазақстанда өңделеді деп мәлімдеген. Алайда қазіргі кездегі оқиғалардан кейін министрлік дербес деректерді ел ішінде сақтау платформа толық дербес (автономды) жұмыс істейді дегенді білдірмейтінін, ал такси мен жеткізу қызметінің жекелеген құрамдас бөліктері әлі де шетелде орналасқан деп нақтылаған.
  • 👍 18
  • 🤡 7
  • 🤬 3
  • 🤔 1
More from @azattyq
  1. Oct 15, 2026Украина майданда жасанды интеллект басқаратын дрондар мен басқа да соғыс техникаларын қолд…
  2. Oct 15, 2026Украинада Ресей жағында соғысқан Бангладештің 20 азаматы қаза болды Украинада Ресей әскері…
  3. Oct 15, 2026Халықаралық ұйымдар Астананы тұрмыстық зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырд…
  4. Oct 14, 2026Қазақстан шетел азаматтарының электронды рұқсат алу тәртібін бекітті Қазақстан үкіметі виз…
  5. Oct 14, 2026SpaceX украин әскеріне арналған Starlink терминалдарының жылдамдығын шектеді Бұл жөнінде У…
  6. Oct 14, 2026Құжаттағы орыс тілінің үстемдігі. Ұлттық компаниялар шарты заңға қайшы емес пе?
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →