SpaceX украин әскеріне арналған Starlink терминалдарының жылдамдығын шектеді
Бұл жөнінде Украина президентінің кеңесшісі Сергей Бескрестнов, ерікті Сергей Стерненко және майдандағы дереккөздерге сүйенген "Украинская правда" хабарлады.
Стерненконың айтуынша, сағатына 160 шақырыммен жүрген кезде байланыс жоғалып кетеді, соның салдарынан “бірқатар маңызды миссияның жұмысы бұзылған”. Ол “SpaceX мұндай шектеуді Трамп әкімшілігінің өтінішімен қоюы мүмкін” деп топшылайды.
Бескрестновтың айтуынша, шектеулер StarShield “әскери пакетіне” қатысты және украин әскеріне ол жөнінде ескертілмеген.
“Бұл кездейсоқ жайт емес және қазіргі саяси ахуалмен байланысты екені анық” деп жазды ол.
"Украинская правда" басылымының жазуынша, қолбасшылардың бірі жіберген видеода “аспанға көтерілген екі украин дронымен байланыс жоғалғаны айқын көрінеді”, осылайша олар миссияларын орындай алмай қалған.
Post #35718
691
- 👎 18
- 🤬 6
- 🔥 3
- ❤ 1