TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35583 857
Қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратов БҰҰ-ға шағымданып, түрмедегі азаптау туралы айтты

Қарақалпақстандағы наразылыққа байланысты ұзақ жылға сотталған белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратов БҰҰ-ға шағым жазды. Шағымның көшірмесімен танысып шыққан Түркімен Хельсинки қоры одан үзінді жариялады.

Қарақалпақ тілінде қолмен жазылған екі бетте Тәжімұратов түрмедегі ауыр жағдай мен күш қолдану жағдайларын баяндады. Тұтқынның айтуынша, 20 шаршы метрлік камерада сегіз тұтқын бар. Оның жетеуі – түрме әкімшілігіне ақпарат беретіндер деді Тәжімұратов.
«21 ғасырда мені еденсіз камерада ұстап отыр. Моншаға бармағаныма 60 күн болды, дәретханада жуынамын. Тіпті Робинзон Крузо да менен жақсы өмір сүрген шығар. Қалам мен қағазды аптасына екі рет береді» деп жазды Тәжімұратов.

Оның айтуына қарағанда, Науаи облысындағы түрмеден Бұхарадағы түзеу колониясына ауыстыру да жағдайды өзгертпеген. Тәжімұратовтың айтуынша, оны саппен ән және әнұран айтуға мәжбүрлейді, бірақ ол одан бас тартады. Тұтқын 8 шілдеде түрме қызметкерлерінің өзін ұрып-соққанын айтты: «Мені ұрып-соғып, «өзбекпін» деп айт деп талап етті». Автордың жазуынша, ұрып-соққаннан кейін «бір апта бойы қансырап жүрген».

Толығырақ оқыңыз
  • 😱 19
  • 🤬 13
More from @azattyq
  1. Oct 3, 2026Украина Қазақстаннан Рожанскаяны Ресейге бермеуді сұрады Украинаның Қазақстандағы елшілігі…
  2. Oct 2, 2026Қазақстандық сайттан Тоқаевтың жиені, депутат Дана Медеуова туралы мақала жоғалып кетті Ka…
  3. Oct 2, 2026⚡Таэквондошы Тамирлан Тілеулес – Азия ойындарының чемпионы Жапонияда өтіп жатқан Азия ойын…
  4. Oct 2, 2026⚡Боксшы Айбек Оралбай да Азия ойындарының чемпионы атанды Қазақ боксшысы Айбек Оралбай (+9…
  5. Oct 2, 2026Қазақстанда Ресейдің сұрауымен Украина азаматы Любовь Рожанская ұсталды Бұл жөнінде адвока…
  6. Oct 2, 2026🔴"Көптен бері хабар жоқ". Қытайда қамауда отырған қазақ ақыны Білісбек Әбдіразақтың тағды…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →