TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35579 858
Қазақстанда Ресейдің сұрауымен Украина азаматы Любовь Рожанская ұсталды

Бұл жөнінде адвокат Алексей Прянишниковқа сүйенген “Неміс толқыны” жазды. Ақпаратты Астанадағы адвокат Риза Нұрбаева растады.

Нұрбаеваның сөзінше, Рожанская 1 қазанда Астана әуежайында шекара бақылауынан өткен кезде ұсталған. Қазір тергеу изоляторында отыр.

2023 жылы Ресей оның үстінен “Бала ұрлауға оқталу” бойынша қылмыстық іс ашқан. Мәселе Рожанскаяның 2018 жылы туған немересі жөнінде болып отыр.

Прянишниковтің сөзінше, 2021 жылы баланың анасы Алла Андреева бірінші некеден туған баласымен бірге (Рожанскаяның немересі) Одессадан Калининградқа – екінші күйеуі ресейлік Виталий Андреев тұратын қалаға көшкен. 2022 жылы ұлымен бірге Ресей азаматтығын алған.

Прянишниковтың сөзінше, 2026 жылы шілдеде Андрееваның екінші күйеуі мен қайын атасы Вячеслав Андреев Рожанскаяға шығып, ұлды беруді сұраған. 27 тамызда тараптар арасында келіссөз болып, сол кезде Калининград соты ФСБ жергілікті басқармасының өтініші негізінде Рожанскаяны тұтқындау туралы қаулы шығарды.

Нұрбаеваның сөзінше, әйел адам қылмыстық іс жөнінде білмеген, себебі ешқашан Ресейге бармаған. Прянишниковтың сөзінше, бала Ресейден Астанаға жеткізілуі керек болған, сол жақтан Рожанская оны өзімен бірге әкетуі керек еді. Ол ұстауды “алдын ала жоспарланған операция” және “ФСБ арандату әрекеті” деп атады.

2025 жылы наурызда Украина Жоғарғы соты баланың әкесінің талап арызы бойынша баланың тұрғылықты жері Одесса деп шешті, онда оның әкесі – Украина азаматы тұрады.
  • 🤬 24
  • 💩 4
  • 👍 2
  • ❤ 1
  • 👎 1
  • 🤨 1
More from @azattyq
  1. Oct 2, 2026Қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратов БҰҰ-ға шағымданып, түрмедегі азаптау туралы…
  2. Oct 2, 2026Қазақстандық сайттан Тоқаевтың жиені, депутат Дана Медеуова туралы мақала жоғалып кетті Ka…
  3. Oct 2, 2026⚡Таэквондошы Тамирлан Тілеулес – Азия ойындарының чемпионы Жапонияда өтіп жатқан Азия ойын…
  4. Oct 2, 2026⚡Боксшы Айбек Оралбай да Азия ойындарының чемпионы атанды Қазақ боксшысы Айбек Оралбай (+9…
  5. Oct 2, 2026🔴"Көптен бері хабар жоқ". Қытайда қамауда отырған қазақ ақыны Білісбек Әбдіразақтың тағды…
  6. Oct 2, 2026Қазақстанда 14 түрлі жәрдемақыны төлеу ережесі өзгермек. Үкімет кейбір әлеуметтік көмекті…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →