⚡Боксшы Айбек Оралбай да Азия ойындарының чемпионы атанды
Қазақ боксшысы Айбек Оралбай (+90 кг) Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол финалда өзбек боксшысы Жохангир Зокировті жеңді.
Бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 кг) Азия ойындарының чемпионы атанған еді. Осылайша Қазақстан бұл Азиадада бокстан екі алтын медаль жеңіп алды.
Қазір Қазақстан Азия ойындарында барлығы 11 алтын, 20 күміс, 40 қола медальмен жалпы есепте 8-орында тұр.
Айбек Оралбай — 2025 жылғы әлем чемпионы, 2022, 2024 және 2026 жылғы Азия чемпионы (бокстан жыл сайын өтетін құрлық біріншілігі). Енді жүлделерінің қатарына Азия ойындарының (төрт жылда бір рет өтетін "құрлық" олимпиадасы) алтыны қосылды.
Фото: Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті
Post #35580
850

- ❤ 23
- 👍 16