TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35584 425
Украина Қазақстаннан Рожанскаяны Ресейге бермеуді сұрады

Украинаның Қазақстандағы елшілігі Қазақстан жағына қайырылып, өзінің немересін алуға Астанаға барып, ұсталған Украина азаматы Любовь Рожанскаяны Ресейге бермеуді сұрады. Бұл жөнінде Азаттықтың Украин қызметі хабарлады.

Бұған қоса, украин консулдары Рожанскаяға кіріп шығуға рұқсат сұраған. Алдын ала рұқсат та алған деп айтылады. Дипломаттары украин азаматтарының адвокаттарыемен байланыста отыр.
"Қазақстан тарапы жағдайдың мән-жайын әділ қарастырады және ұсталған Украина азаматының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жұмыс істейді деп үміттенеміз" деп жазылған Украина сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Қазақстан билігі өзінің немересін Украинаға алып кетпек болған Украина азаматы Любовь Рожанскаяны ұстаған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында отыр. Ресейде оны бала ұрлауға әрекеттенді деп айыптаған.

Insider-дің жазуынша, Рожанская "Ресейде заңсыз тұрып жатқан" балалардың тізімінде бар немересін алып кету үшін Астанаға келген. Ол бұл жөнінде Ресейдегі туыстарымен алдын ала келіскен деп айтылады.
  • 👍 15
  • 💯 4
  • 🤬 2
More from @azattyq
  1. Oct 3, 2026🥈🥉Қазақстандық спортшылар Мерей Қабдуллаев пен Мариан Журавлева джиу-джитсудан күміс жән…
  2. Oct 3, 2026Қазақстан СІМ Ресейге нәпақа табу үшін барып, соғысқа алынған қазақстандықтардың үндеуіне…
  3. Oct 2, 2026Қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратов БҰҰ-ға шағымданып, түрмедегі азаптау туралы…
  4. Oct 2, 2026Қазақстандық сайттан Тоқаевтың жиені, депутат Дана Медеуова туралы мақала жоғалып кетті Ka…
  5. Oct 2, 2026⚡Таэквондошы Тамирлан Тілеулес – Азия ойындарының чемпионы Жапонияда өтіп жатқан Азия ойын…
  6. Oct 2, 2026⚡Боксшы Айбек Оралбай да Азия ойындарының чемпионы атанды Қазақ боксшысы Айбек Оралбай (+9…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →