TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35585 703
Қазақстан СІМ Ресейге нәпақа табу үшін барып, соғысқа алынған қазақстандықтардың үндеуіне реакция білдірді

Ведомство 2 қазан кешке жариялаған мәлімдемесінде “соғыс қимылдары жүрiп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан келетін өтініштерді қабылдау үшін” министрлікте арнайы жедел желі жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Байланыс телефондарын мына жерден көруге болады.

“СІМ жағдайды назарда ұстап отыр” деп жазды министрлік өкілдері.
“Қазақстандықтарды Отанына қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультацияларды жалғастыруда. Бүгін (2 қазан – ред.) Қазақстан сыртқы істер министрі Ресейдің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті. Жақын арада Қазақстан Ресейдегі елшісі Ресей сыртқы істер министрлігінің және қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізеді” деп жазылған хабарламада.

Министрлік ақпарат құралдарынан тиісті байланыс деректерін таратуға жәрдемдесуді сұрады.
“Азаматтарды құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету үшін министрлікке толық ақпарат, яғни олардың тегі мен аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері, сондай-ақ олар жасасқан еңбек шарттарының талаптары туралы мәліметтер қажет” деді.

Бұған дейін бірнеше қазақстандық Ресейге жұмысқа тұруға барып, өздерін соғысқа әкеткеніне шағымданып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған еді.
  • 🤬 17
  • 💩 2
  • ❤ 1
  • 👍 1
  • 🤮 1
More from @azattyq
  1. Oct 3, 2026Тоқаев қорғаныс саласындағы үш лауазым иесін қызметтен босатты Ақорданың хабарлауынша, Қан…
  2. Oct 3, 2026Эколог Олжас Дүйсенов 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды 2 қазанда Алматының №2 Бостанды…
  3. Oct 3, 2026Ресейге жұмысқа барып, соғысқа тап болған қазақстандықтардың жақындары Азаттыққа шағым айт…
  4. Oct 3, 2026🥈🥉Қазақстандық спортшылар Мерей Қабдуллаев пен Мариан Журавлева джиу-джитсудан күміс жән…
  5. Oct 3, 2026Украина Қазақстаннан Рожанскаяны Ресейге бермеуді сұрады Украинаның Қазақстандағы елшілігі…
  6. Oct 2, 2026Қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратов БҰҰ-ға шағымданып, түрмедегі азаптау туралы…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →