TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35590 919
Тоқаев қорғаныс саласындағы үш лауазым иесін қызметтен босатты

Ақорданың хабарлауынша, Қаныш Әбубәкіров қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР қарулы күштері бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

49 жастағы Әбубәкіров бірінші орынбасар қызметін 2026 жылдың 17 қаңтарынан бері атқарып келеді. Оған дейін екі жыл қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым бойынша орынбасары болған.

Бұған қоса, Тоқаевтың жарлығымен Алмаз Жұмакеев қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен кетті. 56 жастағы Жұмакеев биыл наурыздан бері министрдің орынбасары қызметін атқарып келген.

Қанат Ниязбеков қарулы күштері әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметті былтыр тамыздан бері атқарған.

14 сарбаздың өмірін қиған Каспийдегі қайғылы жағдайдан кейін қорғаныс саласындағы отставка жалғасып жатыр.
  • 👍 23
  • 🤔 5
  • 🤡 4
  • 🔥 2
  • 💩 2
  • 😁 1
More from @azattyq
  1. Oct 4, 2026Қырғызстан президент істері басқармасы: Шакираның гонорарына мемлекет ақшасы жұмсалмайды «…
  2. Oct 4, 2026🔴Путин соққыны үдететінін айтып, Украинадағы шетелдіктерге "ескертті", Киев жауап беретін…
  3. Oct 3, 2026photo post
  4. Oct 3, 2026Жапониядағы Азия ойындарының негізгі жарыстары аяқталды. Ертең, 4 қазанда ат спортынан екі…
  5. Oct 3, 2026Саида Мирзияева Трамппен кездескенін хабарлады, бірақ жай-жапсарын айтпады Өзбекстан прези…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →