TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35591 730
Саида Мирзияева Трамппен кездескенін хабарлады, бірақ жай-жапсарын айтпады

Өзбекстан президентінің үлкен қызы, президент әкімшілігінің жетекшісі Саида Мирзияева 2 қазанда өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ басшысы Дональд Трамппен кездескенін хабарлап, сурет те жариялады. X желісінде АҚШ басшысымен кездесіп, әңгімелесу мақтанышқа айналғанын жеткізді.

Саида Мирзияеваның президент Дональд Трамппен кездескені жайлы хабар АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен америкалық бизнес өкілдерінің қазан айының ортасына жоспарланған Самарқанға сапары қарсаңында жарияланды. Бұл сапар Рубионың мемлекеттік хатшы ретінде Орталық Азияға алғашқы сапары болады.

Самарқанда Өзбекстан Америка жағына жеке капиталды тарту, өзара сауданы кеңейту және технологиялық жаңғыртуды ілгерілету бойынша нақты жобаларды ұсынуға дайындалып жатыр. Саида Мирзияева - АҚШ-Өзбекстан бизнес және инвестиция кеңесінің тең төрағасы. Америка жағынан оған Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы елші Серхио Гор жетекшілік етеді.
  • 🤔 12
  • 🤡 3
  • ❤ 2
  • 👍 1
  • 😁 1
  • 🤮 1
  • 🌭 1
  • 🍌 1
  • 🍓 1
More from @azattyq
  1. Oct 3, 2026photo post
  2. Oct 3, 2026Жапониядағы Азия ойындарының негізгі жарыстары аяқталды. Ертең, 4 қазанда ат спортынан екі…
  3. Oct 3, 2026Тоқаев қорғаныс саласындағы үш лауазым иесін қызметтен босатты Ақорданың хабарлауынша, Қан…
  4. Oct 3, 2026Эколог Олжас Дүйсенов 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды 2 қазанда Алматының №2 Бостанды…
  5. Oct 3, 2026Ресейге жұмысқа барып, соғысқа тап болған қазақстандықтардың жақындары Азаттыққа шағым айт…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →