TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35571 696
Azattyq - Азаттық 🇰🇿Азия ойындарындағы қазіргі нәтиже қандай? 🔹Жалпы есеп Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қазірше 9 алтын, 14 күміс, 25 қола медальмен жалпы есепте 8-орында келеді. Өткен аптада төртінші орында тұрған Қазақстанды қазір жалпы есепте Өзбекстан…
🇰🇿Азия ойындарындағы қазіргі нәтиже қандай?

🔹Жалпы есеп

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қазірше 9 алтын, 19 күміс, 36 қола медальмен жалпы есепте 9-орында келеді. Қазақстан қазір жалпы есепте Өзбекстан (16 алтын), Иран (11 алтын), Таиланд (12 алтын), Бахрейн (11 алтын), Үндістан (11 алтын) озып тұр. Ал алғашқы үштіктегі Қытай (154), Жапония (59), Оңтүстік Корея (30) басқа елдерден ұзап кетті.

🔹1 қазандағы нәтиже

Бүгін, 1 қазанда Қазақстан 3 күміс, 5 қола медаль алды.

Дзюдошылар Ажар Асқат (әйелдер, 70 кг) пен Әділет Алмат (ерлер, 81 кг) финалда жапон балуандарына жол берді. Ал джи-джитсудан Нұржан Батырбеков (ерлер, 69 кг) финалда БАӘ спортшысынан ұтылды.

Дзюдошы Эсмигүл Куюлова (әйелдер, 63 кг), джи-джитсудан Жібек Құлымбетова (48 кг), слалом есуден Екатерина Таранцева, жарға өрмелеуден Дамир Тоқтаров, теннистен әйелдер арасындағы жекелей жарыста Юлия Путинцева қола медаль иеленді.

🔹Алтынға кімдер үмітті?

Ертең, 2 қазанда бокстан Айбек Оралбай (+90 кг) мен Төрехан Сабырхан (70 кг) алтын медальға таласады. Бұған қоса, көркем гимнастикадан Ақмарал Ерекешова іріктеуде бірінші орынмен финалға шықты. Бұған қоса, еркін күрес, дзюдо, таэквондо, теннис, джи-джитсудан жарыстар жалғасып жатыр. Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалда Қытаймен ойнайды.

🔹Қазақстанның тоғыз алтынын кімдер алды?

🥇Алексей Луценко – велоспорт, ерлер, жекелей жарыс
🥇Алексей Луценко – велоспорт, ерлер, топтық жарыс
🥇Рината Сұлтанова – велоспорт, әйелдер, топтық жарыс
🥇Софья Берульцева – каратэ
🥇Жоламан Биғабыл – каратэ
🥇Қадырбек Шынбаев – ММА
🥇Еркінқали Бүркіталин – ММА
🥇Владислав Яковлев/Иван Чернухин – академиялық есу
🥇Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы (шпага)
  • 👍 12
  • ❤ 5
  • 👎 3
More from @azattyq
  1. Oct 1, 2026✈️ Fly Dubai ұшағындағы жағдай: Жолаушылар шабуылдаған пилотты қалай тоқтатқан? Куәгерлер…
  2. Oct 1, 2026"Қазақстан жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың басым бөлігін әлі толық орындаған жоқ". GRECO ес…
  3. Oct 1, 2026Дубайдан Израильге ұшқан Flydubai ұшағында күтпеген жағдай болды. Екінші пилот әріптесіне…
  4. Oct 1, 2026Адам өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген 50 жастағы америкалық Криста Пайкқа адам өмірін…
  5. Oct 1, 2026БҰҰ бас хатшылығына ықтимал үміткерлер қатарында Тоқаев та аталды БҰҰ бас хатшылығынан үмі…
  6. Oct 1, 2026💬 Орталық Азияның төрт мемлекеті Ресей және Беларусьпен "экстремистер" туралы мәлімет алм…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →