TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35567 819
Адам өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген 50 жастағы америкалық Криста Пайкқа адам өмірін тоқтататын екі рет инъекция салса да, тірі қалды.

Ол ауруханаға жеткізілді деп хабарлады Associated Press. Пайк Теннеси штатында кейінгі 200 жылда өлім жазасына келген алғашқы әйел болуы керек болған.

Өлім жазасының орындалуына бір сағат қалғанда АҚШ апелляциялық соты өлім жазасының орындалуын тоқтатқан. Сот Пайкқа үкім шығарылар кезде "оның бала кезде жыныстық зорлыққа ұшырағаны тиісті дәрежеде ескерілді ме" деген сұрақты тағы да зерттеуді үкім еткен, алайда бірнеше сағаттан соң АҚШ Жоғарғы соты шешімнің күшін жойды. Осылайша өлім жазасы үкімі қайта қалпына келді.

Теннеси штатының түзеу мекемесі департаменті “өлім жазасын орындау туралы хаттаманың әрбір кезеңін” жүзеге асырған. Бірақ хаттамада тұтқын тірі қалған жағдайда не болатыны жазылмаған.

Штат губернаторы Билл Ли биылға белгіленген барлық өлім жазасын тоқтатып, Пайкқа үкімді орындау кезінде “нақты не болғанын анықтау үшін” жан-жақты тәуелсіз тексеріс жүргізуді қаулы етті.

1995 жылы 18 жастағы Пайк пен оның серігі Тадарил Шипп Коллин Слеммерді өлтірген. Қатігездікпен адам өлтірді деп танылған Пайк өлім жазасына кесілді. Сол кезде 17-де болған оның серігі Шипп өмірлік түрмеге кесілді. Сот үкімі шыққаннан кейін Пайкқа бұрын өгей әкесі күш көрсеткені, екі рет зорланғаны белгілі болды. Оған жарақаттан кейінгі стресс және биполярлық ауытқу деген диагноз қойылған.
  • 😱 14
  • ❤ 5
  • 😐 2
More from @azattyq
  1. Oct 1, 2026🇰🇿Азия ойындарындағы қазіргі нәтиже қандай? 🔹Жалпы есеп Жапонияда өтіп жатқан Азия ойын…
  2. Oct 1, 2026✈️ Fly Dubai ұшағындағы жағдай: Жолаушылар шабуылдаған пилотты қалай тоқтатқан? Куәгерлер…
  3. Oct 1, 2026"Қазақстан жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың басым бөлігін әлі толық орындаған жоқ". GRECO ес…
  4. Oct 1, 2026Дубайдан Израильге ұшқан Flydubai ұшағында күтпеген жағдай болды. Екінші пилот әріптесіне…
  5. Oct 1, 2026БҰҰ бас хатшылығына ықтимал үміткерлер қатарында Тоқаев та аталды БҰҰ бас хатшылығынан үмі…
  6. Oct 1, 2026💬 Орталық Азияның төрт мемлекеті Ресей және Беларусьпен "экстремистер" туралы мәлімет алм…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →