TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35565 888
💬 Орталық Азияның төрт мемлекеті Ресей және Беларусьпен "экстремистер" туралы мәлімет алмасуға келісті

Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның бас прокурорлары терроризм мен экстремизмге қарсы күрес саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжатқа 30 қыркүйекте Қазан қаласында ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің отырысында қол қойылды.

Келісім осы елдерде террористік немесе экстремистік деп танылған және биліктің айтуынша, қауіпсіздікке қатер төндіретін ұйымдар, топтар және жеке тұлғалар туралы «жедел ақпарат алмасуды» қарастырады. Бұған қоса, аталған елдер мұндай топтардың халықаралық байланысы, ықтимал террористік шабуыл және «мемлекеттердің егемендігіне қол сұғу» жөнінде ақпарат алмасуға келісті.

"Экстремизм" ұғымы аталған елдерде тек қарулы топтар мен радикал топтарға емес, өзге де азаматтарға қатысты атап айтқанда, оппозициялық қозғалыстар, тәуелсіз медиа, саяси белсенділер мен билік сыншыларына қатысты да қолданылады.
  • 🤮 18
  • 💩 4
  • ❤ 3
  • 😁 2
More from @azattyq
  1. Oct 1, 2026🇰🇿Азия ойындарындағы қазіргі нәтиже қандай? 🔹Жалпы есеп Жапонияда өтіп жатқан Азия ойын…
  2. Oct 1, 2026✈️ Fly Dubai ұшағындағы жағдай: Жолаушылар шабуылдаған пилотты қалай тоқтатқан? Куәгерлер…
  3. Oct 1, 2026"Қазақстан жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың басым бөлігін әлі толық орындаған жоқ". GRECO ес…
  4. Oct 1, 2026Дубайдан Израильге ұшқан Flydubai ұшағында күтпеген жағдай болды. Екінші пилот әріптесіне…
  5. Oct 1, 2026Адам өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген 50 жастағы америкалық Криста Пайкқа адам өмірін…
  6. Oct 1, 2026БҰҰ бас хатшылығына ықтимал үміткерлер қатарында Тоқаев та аталды БҰҰ бас хатшылығынан үмі…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →