"Қазақстан жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың басым бөлігін әлі толық орындаған жоқ". GRECO есебі шықты 📄
Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес саласында бірқатар заңнамалық және институционалдық өзгеріс жасағанымен, халықаралық GRECO тобы осыған дейін айтылған ұсыныстардың басым бөлігін әлі толық орындамаған деп есептейді. Қазақстанға арналған 27 ұсыныстың тек алтауы ғана қанағаттанарлық деңгейде, 19-ы ішінара орындалған. Ал екі ұсыныс мүлде орындалмаған дейді есеп авторлары. ⚖️
Есеп Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы – GRECO ұйымы Қазақстанға арналған ұсыныстардың орындалуын тексереді. Алдыңғы есепте Қазақстан төрт ұсынысты орындады, 21 ұсынысты ішінара орындады, ал екі ұсынысты орындамады деп көрсетілген еді.
Толығырақ оқыңыз 🔗
Post #35569
945

- 😁 13
- 💯 7
- ❤ 4
- 🤬 3