✈️ Fly Dubai ұшағындағы жағдай: Жолаушылар шабуылдаған пилотты қалай тоқтатқан? Куәгерлер не дейді?
Израиль тергеуінің дерегінше, Дубайдан Тель-Авивке келе жатқан Fly Dubai рейсінің пилоты бортты жерге құлатпақ болған. Ұшқыш ұшақты өз басқаруына алу үшін борт капитанына шабуылдаған. Жараланған капитан кабина есігін ашып үлгерген. Кейін бірнеше жолаушы кабинаға кіріп, екінші пилотты тоқтатқан. Жолаушылардың бірі Асаф Раджуан "ұшақ кенет төмендей бастаған соң кабинаға кіреміз деген шешім қабылдадық" деген.
Басылымдардың жазуынша, зардап шеккен командир – үндістандық Сумит Мачхар. Шабуылдаған пилотты тоқтатқан соң бортта болған басқа екі пилот ұшақты Сауд Арабиясының Табук қаласына қондырған.
🔹Ұшақ жолаушыларының айтқаны
Пилоттар кабинасына алғаш кірген Янив Хайонның айтуынша, жараланған пилот іштен есікті ашуға көмектескен. Хайон басқа жолаушылармен шабуылдаған пилотты кабинадан шығарып, байлап тастаған. Кейін ол кабинаға оралып, ылдилап бара жатқан ұшақты қалпына келтірген. Борт қалпына келген соң жолаушылар арасында болған екі пилот ұшақты басқаруды өз қолына алған. Мамандығы сантехник Хайон ұшақ басқару алгоритмін "Әуе апаттарын зерттеу" сериалынан білетінін айтқан.
🔹Сауд Арабиясы мен Израильдің байланысы
Ұшақ сигнал берген сәттен бастап Израильдің "Моссад" ішкі барлау қызметі мен Сауд Арабиясының барлау қызметі байланыста болғаны айтылады. Бірақ Сауд Арабиясы Израильдің жолаушыларды эвакуациялауға жіберген С-130 Hercules әскери-жүк ұшағын ел аумағына қондыруға рұқсат етпеген. Израиль мен Сауд Арабиясы арасында дипломатиялық қарым-қатынас жоқ. Бірақ 2023 жылдың қазанынан бері Сауд Арабиясы Израильге баратын Fly Dubai ұшағын әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат еткен.
"Вести" басылымының израильдік дереккөзі бұл оқиға екі ел арасындағы бейресми қатынас үшін ерекше жағдай болды деген. Себебі Израильдің ондаған азаматы бірнеше сағат бойы Сауд Арабиясының әуежайында отырып, оларға жергілікті билік көмектескен.
Post #35570
735
Azattyq - Азаттық ⚡Израиль Fly Dubai ұшағындағы жағдайды "жихадшылардың террорлық шабуылы" деді Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац Дубайдан Тель-Авивке ұшып келе жатқан Fly Dubai ұшағындағы жағдайды «жихадистердің террорлық шабуылы» деп атады. "Fly Dubai ұшағындағы жағдай…
- ❤ 9
- 🤔 3