Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында қазақстандық қаза болды
Ақпаратты Қазақстан сыртқы істер министрлігі растады. Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдарының жазуынша, оқиға 29 қыркүйекте болған. Ер адам ғимараттың 23-қабатында болған, бетоннан жасалған төбенің бір жағы құлаған.
Осы оқиғадан кейін Оңтүстік Кореяның еңбек министрлігі құрылыс нысанындағы жұмысты тоқтатты.
Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарына хабарласқан, тиісті көмек беріп жатқаны хабарланды. Оқиғаның мән-жайын Кореяның органдары анықтап жатыр.
Былтыр күздегі ресми мәлімет бойынша, Оңтүстік Кореяда шамамен 15 мың қазақстандық жұмыс істейді.
Post #35564
956
- 😱 19
- 😢 3
- ❤ 2
- 😁 1