TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35560 1.15K
⚡Израиль Fly Dubai ұшағындағы жағдайды "жихадшылардың террорлық шабуылы" деді

Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац Дубайдан Тель-Авивке ұшып келе жатқан Fly Dubai ұшағындағы жағдайды «жихадистердің террорлық шабуылы» деп атады.

"Fly Dubai ұшағындағы жағдай жихад терактіге талпыныс болды. Ұшқыштар кабинасына кіріп, террористі тоқтатып, ұшақтың басқаруын басқа пилоттарға алып берген израильдік бірнеше жолаушының әрекеті апатты алдын алды. Шабуылдаушының мақсаты ұшақты жолаушыларымен құлату болған" деді Кац.

Израиль премьері Беньямин Нетаньяху Сауд Арабиясының билігі ұшқышты қамауға алып, тергеп жатыр деп мәлімдеді.

🔹Оқиға жайлы не белгілі?

Бүгін, 30 қыркүйекте Fly Dubai компаниясының Дубайдан Тель-Авивке шыққан ұшағы 7500 дабылын қаққан. Әдетте 7500 кодымен сигнал ұшақты басып алғанда я бұрып әкеткенде беріледі. Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеп, ұшақта ұшқыштар төбелескенін жазды. Ұшақ Сауд Арабиясының Табук қаласына қонған. Ақпарат бойынша, ұшақты бортта болған басқа ұшқыштар басқаруға алып қондырған.

Fly Dubai компаниясы бортта ұшқыштар төбелескенін, ұшақты басқаруды басқа пилоттар қолға алғанын растады.
  • ❤ 17
  • 👎 5
  • 😁 4
  • 🔥 1
  • 🖕 1
  • 🙉 1
More from @azattyq
  1. Oct 1, 2026🇰🇿Азия ойындарындағы қазіргі нәтиже қандай? 🔹Жалпы есеп Жапонияда өтіп жатқан Азия ойын…
  2. Oct 1, 2026✈️ Fly Dubai ұшағындағы жағдай: Жолаушылар шабуылдаған пилотты қалай тоқтатқан? Куәгерлер…
  3. Oct 1, 2026"Қазақстан жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың басым бөлігін әлі толық орындаған жоқ". GRECO ес…
  4. Oct 1, 2026Дубайдан Израильге ұшқан Flydubai ұшағында күтпеген жағдай болды. Екінші пилот әріптесіне…
  5. Oct 1, 2026Адам өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген 50 жастағы америкалық Криста Пайкқа адам өмірін…
  6. Oct 1, 2026БҰҰ бас хатшылығына ықтимал үміткерлер қатарында Тоқаев та аталды БҰҰ бас хатшылығынан үмі…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →