TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35559 1.17K
АҚШ Ирактан әскерін тұтас әкетеді

Америка әскерінің соңғы легі – 2500 сарбаз сәрсенбі, 30 қыркүйек кешке дейін Ирактан кетеді. Мұндай шешімді 2024 жылы АҚШ президенті Джо Байден қабылдаған.

Пентагон жариялаған мәлімдемеде АҚШ-тың Иракта «Ислам мемлекеті» террористік тобымен (ДАИШ) күрес бойынша әскери миссиясы сәтті аяқталғаны жазылған. АҚШ қорғаныс министрлігі де Ирак қауіпсіздік күштері ДАИШ жақтастарымен күресті жалғастыратынына үміт білдірді. АҚШ Бағдадпен ынтымақтастық орнатуға, Ирак әскерін жаттықтыруға және олармен барлау ақпараттарымен бөлісуге уәде берді.

Ирак билігі әскердің шығарылуына орай төрт күн бойы «Тәуелсіздік күндерін» атап өтпек. Ирак премьер-министрі Әли әл-Зейд «1 қазан Ирак мемлекетінің жаңа бағытқа бұрылып, шетел әскерінен құтылып, толық егемендікке қол жеткізетін күні болады» деп мәлімдеді.

Кейбір саясаттанушылар АҚШ кетсе, елде қарулы топтар қайта бас көтеруі мүмкін деп алаңдайды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің жетекшісі Марко Рубио 24 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясы кезінде Бағдад елдегі қарулы топтарды, соның ішінде Иран қолдайтын топтарды бақылауда ұстай алмаса, Иракқа бөлшектену қаупі төнеді деді.
  • 👍 21
  • 🔥 4
  • ❤ 3
More from @azattyq
  1. Oct 2, 2026Америкалық хореограф Кеон Мадридтің Бішкекте би дайындап жатқан видеосы желіде кең тарап к…
  2. Oct 2, 2026Францияда лицей студенттерінің митингісі жалғасып жатыр. Наразылық акциялары 21 қыркүйекте…
  3. Oct 1, 2026🇰🇿Азия ойындарындағы қазіргі нәтиже қандай? 🔹Жалпы есеп Жапонияда өтіп жатқан Азия ойын…
  4. Oct 1, 2026✈️ Fly Dubai ұшағындағы жағдай: Жолаушылар шабуылдаған пилотты қалай тоқтатқан? Куәгерлер…
  5. Oct 1, 2026"Қазақстан жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың басым бөлігін әлі толық орындаған жоқ". GRECO ес…
  6. Oct 1, 2026Дубайдан Израильге ұшқан Flydubai ұшағында күтпеген жағдай болды. Екінші пилот әріптесіне…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →