TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35572 1.33K
Францияда лицей студенттерінің митингісі жалғасып жатыр. Наразылық акциялары 21 қыркүйекте басталып, бірнеше аймақты қамтыды. Білім министрлігінің хабарлауынша, наразылыққа елдегі 400-ден астам мектеп қатысты.

Лицей студенттері кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, олар биліктен толып кеткен сыныптар мен мұғалімдер тапшылығы мәселесін шешуді талап етіп отыр. Наразыларға студенттер одағы, өрт сөндірушілер мен мемлекеттік қызметкерлер қосылды. Студенттер одағы мен кәсіподақ өкілдері 6 қазанда “ірі жалпыұлттық манифестация” өткізетінін айтты.
Кейбір жерде наразылар өрт қойған, полициямен қақтығысқан.

Франция ішкі істер министрі Лоран Нуньес 400-ден астам адам ұсталғанын, кемінде 76 наразы және 48 полицей жарақаттанғанын айтты.
  • 😱 8
  • ❤ 3
  • 😁 3
More from @azattyq
  1. Oct 15, 2026Қазақстан Әзербайжанмен бірлесіп Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) құбыры арқылы тасымалданатын қа…
  2. Oct 15, 2026Апелляциялық сот белсенді Ермек Нарымбаевтың үкімін өзгертпеді “Сот шешімін бұзды” деп айы…
  3. Oct 15, 2026Минералды ресурстар, АҚШ мүддесі және Қытаймен бәсеке. Марко Рубио Самарқанға неге келе жа…
  4. Oct 15, 2026Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айынд…
  5. Oct 15, 2026Ақтөбеде белсенділердің бейбіт митинг өткізу туралы өтініші мақұлданды. 3 желтоқсанда өтет…
  6. Oct 15, 2026💬 Reuters: Қазақстанға қатысы бар хакерлер ресейлік мұнай өңдеу зауытына кибершабуыл жаса…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →