Ақтөбеде белсенділердің бейбіт митинг өткізу туралы өтініші мақұлданды. 3 желтоқсанда өтетін шарада қатысушылар азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауды, мүгедектігі бар азаматтарды қолдау мәселесін, сонымен бірге демократиялық реформаны жүргізуді қозғамақ. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Мұсағали Дауылов желіде хабарлады.
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның айтуынша, Мұсағали Дауылов митинге рұқсат етілгені жөнінде жазба жариялағаннан кейін белсендінің Facebook, Instagram және Threads-тегі аккаунттары бұғатталған.
Кейінгі кезде Қазақстанда әкімдіктердің бейбіт митингілерге рұқсат беруі сиреді. Билік 2020 жылы қабылданған "Бейбіт жиын өткізу тәртібі" туралы заңды "демократияға қадам" деп атағанмен құқық қорғаушылар онда азаматтардың бейбіт жиналу құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін тетіктер сақталып қалғанын айтады.
Post #35727
798
- 👍 8
- 🤔 4
- ❤ 1