TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35726 829
💬 Reuters: Қазақстанға қатысы бар хакерлер ресейлік мұнай өңдеу зауытына кибершабуыл жасады 💻

Қазақстанда шоғырланған деп айтылатын хакерлер тобы биыл Ресейдің мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасап, сонымен бірге Ресей қалаларының біріндегі әкімдік жүйесін бұзған. Бұл жөнінде зерттеушілерге сүйенген Reuters агенттігі жазды. Ақпарат агенттігі бұл оқиғаны «кішірек көрші елдің Мәскеуге қарсы жасаған кибертыңшылығына сирек мысал» деп сипаттайды. 🛡️

Reuters жазуынша, Cisco компаниясының зерттеушісі Чи-энь Шен мен Recorded Future киберқауіпсіздік компаниясының маманы Джулиан-Фердинанд Фогеле бірлесіп әзірлеген есепте Silent Lynx («Ізсіз сілеусін») хакерлік тобының «Қазақстанда орналасуы ықтимал» екені жазылған. Бұған дейін бұл топ Орталық Азия елдеріндегі мемлекеттік ұйымдардың жүйелерін де бұзған. 🔍

Зерттеушілердің мәліметінше, Silent Lynx көбіне «мақсатты фишинг» (spear phishing) әдісін қолданады. Хакерлер маңызды құжаттарға ұқсайтын тіркемелері бар электронды хаттар жібереді. Пайдаланушы сол файлдарды абайсызда ашқан жағдайда, оның құрылғысына зиянды бағдарлама жүктеледі. 📧

Джонс Хопкинс университетінің Халықаралық зерттеулер жөніндегі жоғары мектебінің докторанты Олег Шакировтың пікірінше, бұл кибертыңшылықпен тек жетекші кибердержавалар ғана айналыспайтынын көрсетеді. «Басқа елдер де өз мүмкіндіктерін біртіндеп арттырып келеді» деді ол Reuters-ке.

👉Толығырақ оқыңыз
  • 🔥 20
  • 👍 8
  • ❤ 2
  • 😁 2
More from @azattyq
  1. Oct 15, 2026Қазақстан Әзербайжанмен бірлесіп Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) құбыры арқылы тасымалданатын қа…
  2. Oct 15, 2026Апелляциялық сот белсенді Ермек Нарымбаевтың үкімін өзгертпеді “Сот шешімін бұзды” деп айы…
  3. Oct 15, 2026Минералды ресурстар, АҚШ мүддесі және Қытаймен бәсеке. Марко Рубио Самарқанға неге келе жа…
  4. Oct 15, 2026Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айынд…
  5. Oct 15, 2026Ақтөбеде белсенділердің бейбіт митинг өткізу туралы өтініші мақұлданды. 3 желтоқсанда өтет…
  6. Oct 15, 2026Қордайда есірткі контрабандасы күдігімен ресейлік рэпер Navai ұсталды 13 қазанда Жамбыл об…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →