“Ақпаратты растамаймыз. Полиция қызметкерлері қоңырау шалған жоқ. Күшейтілген тәртіпте қызметтерін атқарған ішкі істер қызметкерлері Маңғыстау облысында қоғам қауіпсіздігін тиісті дәрежеде қамтамасыз етті. Қазіргі кезде елде жағдай тұрақты” деді 30 қыркүйекте журналистердің сұрағына жауап берген ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов.
Каспий теңізіндегі апаттан 14 сарбаздың қазасынан соң желіде сыни пікір жазғандардың біразы "полиция хабарласқан соң пікірлерін өшіргенін" айтқан еді.