Дзюдошы Әбужақынова - Азиаданың күміс жүлдегері
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан қазақстандық Абиба Әбужақынова 48 келіде күміс медаль алды. Ол финалда жапон Митсуки Кондодан жеңілді.
Қазақ дзюдошысы Азия ойындарында финалға дейін үндістандық Асмита Дей мен тайваньдық Чен-Хао Линді жеңген.
Әбужақынова 2022 жылғы Азия ойындарында күміс медаль иеленген еді. Ал 2025 жылы әлем чемпионатында да екінші орын алған.
Фото: Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті
Post #35554
994

- 🔥 11
- ❤ 6
- 👍 4
- 🤮 1